15 Қараша, 2017
923
ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығының 5-отырысы
Астанада, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығының 5-отырысы болып өтті.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым, жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты.
Қазіргі кезде барлық өңірлерде, аса ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарында 33 кафедра жұмыс істеп, олар ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығына біріккен. Татулық пен келісімнің ғылыми зертханалары бола отырып, кафедралар Қазақстанның адам капиталын өсіруге арналған жаңа әлеуметтік технологияларды енгізудің тиімді диалог алаңына айналып отыр.
Жиналғандардың алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай сөз сөйледі. Ол кафедралардың қызметі Қазақстанның ғылыми, сарапшылық және қоғамдық кеңістігінде елеулі құбылыс, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызды факторы болып табылатынын атап көрсетті.
«Өйткені сіздер болашақ Қазақстанның зиялыларын тәрбиелеп, олардың бойында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатында белгіленген қасиеттерді қалыптастырып отырсыздар», - деді Д.Мыңбай.
Сөз сөйлегендер ҚХА кафедраларының қызметі ғылыми ойдың ұшқырлықпен өзгеріп отырған әлемге икемделуін және гуманитарлық инновациялардың оқу-тәрбие жұмысына тікелей енгізілуін қамтамасыз ететінін атап көрсетті. Челябинск қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастыққа арналған он төртінші форумында осы мәселеге баса назар аударылғанын айта кету керек.
Сондықтан бұл мәнмәтінде ҚХА кафедраларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жастардың бойында сананың ашықтығы, білімге құштарлық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік сияқты қасиеттерді – шын мәнінде қоғамның құндылықтар негізін қалыптастыру Ассамблеяның ғылыми-ағарту қызметінің түйінді бағыттарының бірі болып табылады.
Дата события ассамблеи: 15.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32