07 Сәуір, 2023
538
ҚХА кафедрасында Ғылым күні өтті
Бүгін Ғылым күні қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблея кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих ағымындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық жəне американдық карталарда» атты кітап-атласының басылымын талқылауға арналған ғылыми семинар өтті. Семинар Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми декада аясында өтуде.
Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры М.Сыдықназаров,ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өзінің «Тарих ағымындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеті XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық жəне американдық карталарда» атты кітапатласымен таныстырды.
Автор 15 жылдан астам уақыт бойы еуропалық ұлттық жəне корольдік мұрағаттарда, кітапханалар мен мұражайларда, карта орталықтарында жəне АҚШ кітапханаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеуші XV-XIX ғасырлардағы қазақ мемлекетінің 1500 көне еуропалық жəне американдық карталары туралы əңгімеледі.
Бұл карталардың барлығы Қазақстанның ғылыми, мəдени жəне ақпараттық айналымына алғаш рет енгізілуде, сонымен қатар олар 600 жылға жуық уақытқа созылған үзіліссіз қазақ мемлекеттілігінің тарихы болғанын туралы аргументтік дәлелі болып табылады және бұл мәселе жөнінде сұрақтар туындамауына нүкте қояды.
Карталар əртүрлі елдер мен континенттердегі қазақтардың тарихы мен сыртқы саясатының жаңа сенсациялық мəліметтерін білдіреді.
Өз алғы сөзінде Марат Әзілханов ғылыми әлеуетті пайдалану, өндірісте ғылыми жаңалықтарды қолдану, ғылымды жан-жақты дамыту, жастардың ғылыммен айналысуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
«Этносаралық қатынастар әлеуметтік мәселелердің – тілдердің, мәдениеттің, білімнің, еңбек қатынастарының алуан түрлі кешенін қамтиды. Сіздің жұмысыңыз студенттік жастармен көп уақыт бірге өткізіп, патриоттық тәрбиенің, еңбекке деген көзқарастың, қазақстандық құндылықтарды нығайтудың, қоғамды алға жетелейтін жаңа тенденциясына айналуда. Әр мұғалім өз үлгісімен студентке кәсібін қалай жақсы көретінін және оған қалай қарау керектігін көрсетуі керек. ҚХА кафедрасында осындай профессорлар баршылық, - деп атап өтті М.Әзілханов.
Сондай-ақ, өз сөзінде М.Әзілханов М.Сыдықназаровтың жүргізген жұмысын жоғары бағалап, ғылыми ізденістерде алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде кітап авторы Қазақстан халқы Ассамблеясына оның көпжылдық ғылыми еңбегін оң бағалағаны және қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ғылым күні қарсаңында этносаралық қатынастар саласын зерттеп, оның дамуына өз үлестерін қосқан ҚХА-ның бірқатар белсенді мүшелеріне, ғалымдарға, шығармашылық зиялы қауымға және сарапшыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары мен марапаттары табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті