11 Желтоқсан, 2020
1116
ҚХА Кеңесінің отырысы өтті
2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Алқалы кеңеске Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдері – ҚХА төрағалары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА Кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қарастырылды.
Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы 11 қарашада өткен Ассамблея Кеңесінде Елбасы этносаралық қарым-қатынас саласында жаңа инклюзивті саясатқа сұраныс барын баса айтты. Ассамблея Төрағасы алдағы уақытта қоғамның бірігу үдерістерін тереңдетуге бағытталған шараларды әзірлеу маңызды екенін тапсырды.
- Бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайту, этностар арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа алаңдарын қалыптастыру, этникалық мәселені саясиландыруға жол бермеу, этникалық негіздегі кез келген жанжалды бейтараптандыру маңызды екенін көріп отырмыз. Бұл – барлық билік институттары мен азаматтық қоғамның мәселесі. Ассамблеяның барлығы сенім білдіретін жалпы азаматтық, саясаттан тыс және жалпыхалықтық институт ретінде құрылымдық және сапалық тұрғыдан жұмысын қайта бастап жатқан жайы бар. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жақында өткен отырысында біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылы іске асырылуын қорытындылап, жұмыстың алдағы уақыттағы басымдық берілетін бағыттарын айқындадық, - деді Қ.Көшербаев.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32