29 Қыркүйек, 2025
86
ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесті
Жұмысшы мамандықтары жылы мен Еңбек күніне орай Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «DAT KZ» ЖШС-нің газоблок шығаратын «UNITON» зауытына іссапар ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Геннадий Шиповских пен Әсем Рахметова, Астана қаласы мәслихаты депутаттарының ҚХА-мен өзара іс-қимылы жөніндегі уақытша комиссия мүшесі Асқар Смағұлов, сондай-ақ қала әкімдігі мен елорда Ассамблеясының өкілдері қатысты.
Қонақтар өндірістік үдеріс пен кәсіпорын жетістіктерімен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіби мерекеге орай үздік қызметкерлерді құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
ҚХА өкілдері жұмысшылардың өңір мен ел экономикасына қосқан үлесіне ризашылық білдіріп, әрбір адамның еңбегі - тұрақты дамудың негізі екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жұмысшы кәсіптердің әлеуметтік прогресс пен өмір сапасын арттырудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында кәсіпорын базасында Еңбек Ассамблеясының өкілдігі ашылуы жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті