30 Тамыз, 2020
6567
ҚХА: Конституция мен Ассамблея мерейтойлары әрқашан бірге атап өтілуінің символдық мәні бар
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!
25 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда елдің Негізгі Заңы қабылданды. Конституция демократиялық даму бағытын айқындап, құқықтық жүйенің өзегіне және жалпыұлттық бірлік пен келісімге негізделген мемлекеттік құрылымды заманға сай құрудың жаңа белесіне айналды.
Мерейтойды атап өте отырып, біз осы кезеңде болған ауқымды тарихи өзгерістерді көріп отырмыз. Тұңғыш Президент – Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекеттіліктің негіздері түбегейлі нығайтылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан – ашық нарықтық экономикасы бар, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде стратегиялық сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғырту бағдарламаларын іске асырушы мемлекет ретінде бүкіл әлемдік қауымдастықпен мойындалған және лайықты құрметке ие ел.
Конституцияда жарияланған шынайы қазақстандық құндылықтарды қорғау және оның нормаларын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету – әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы одан әрі табысты дамудың кепілі.
Ардақты ағайын!
Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлары әрқашан бірге атап өтілуінің символдық мәні бар. Олар өткен уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап ретінде бір жылда пайда болды және басты мақсат – Қазақстанның біртұтас халқын топтастыру және біріктіру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Конституция күні әрқашан патриотизмнің және Отанға деген сүйіспеншілігіміздің символы болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, ынтымақ және береке-бірлік тілейміз!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32