
02 Наурыз, 2022
434
ҚХА мүшелері билеуші партияның трансформациясын қолдайды
«Қоғамдық келісім» РММ онлайн режимде республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер басшыларымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде айтылған бастамаларды талқылады.
«Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» ЗТБ тең төрағасы А.Мурадов партияның XXII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бағдарламалық өзгерістердің маңызды бағыттарын белгілегенін атап өтті.
«Мәлімделген трансформация жаңа Қазақстанды қалыптастыруда ауқымды саяси өзгерістердің алғашқы қадамы болып табылады. Сондықтан «Nur Otan»-ның «Amanat» партиясы болып өзгеруі оның трансформациялануымен қатар, ел азаматтары үшін де жаңа өзгерістер кезеңі болары хақ», – деді А.Мурадов.
Пікір алмасу аясында республикалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Ш.Асиев қайта құру тек партияның атауын өзгертуде ғана болмайтындығын айтты.
«Алда әлі қайта жүктеу, сондай-ақ партия мен жалпы саяси жүйені толық жаңғырту бойынша үлкен жұмыс күтуде. Дей келе, этномәдени бірлестіктер осы бағытта партиямен одан әрі ынтымақтастыққа дайын», – деп, ұсынысын жария етті.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Дустлик» этномәдени бірлестіктері қауымдастығы» ЗТБ төрағасы И.Хашимжанов халықпен өзара іс-қимылдың тиімді тетігін құрудың маңыздылығына назар аударды.
«Азаматтардың сұрақтары айтылып қана қоймай, практикалық шешімін табуы керек. Партияның жұмысын құру үшін барлық қажетті ресурс бар, ол үшін депутаттар бірлесе талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты қадамдар жасауы тиіс», – деді спикер.
Кездесу соңында қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті