07 Қыркүйек, 2020
1045
ҚХА мүшелері мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мәселесін талқылады
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге облыстық әділет департаменті қызметкерлері, тіл жанашырлары мен ғалымдар, «Таза тіл» жастар тобы мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру. Дөңгелек үстелді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л.Есімова кіріспе сөз сөйлеп ашып, іс-шараның мақсатына тоқталды.
Аталған шара барысында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Аңсат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.Абасилов тіл мәселесі төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық әділет департаментінің азаматтық хал-актілер тіркеу бөлімінің бастығы К.Елеусізова өз тараптарынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ұсыныс, пікірлер тыңдалды.
Мереке аясында облыстағы тіл саясатын жүргізуге атсалысып жүрген бірқатар тіл жанашырлары облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатттарымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, балаларының тегі мен атын ұлттық дәстүрге сай қойған жас сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәлік тапсырылды.
Дөңгелек үстел соңында қонақтарға естелікке кітаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті