07 Тамыз, 2025
121
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Алматы қаласында тұрғын үйі толықтай жанып кеткен отбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығы мен Алматы қаласы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі қайырымдылық көмегін көрсетті. Бұл - ҚХА-ның елдегі бірлік пен жанашырлықты нақты іспен насихаттап жүргенінің айқын көрінісі.
Игі іске Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығының төрағасы, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ жетекшісі Долкунтай Абдулхалилұлы Алиев бастамашы болды. Ол өрт салдарынан баспанасыз қалған М.Г. Айтқожина мен оның отбасына материалдық көмек көрсетіп, бірінші кезектегі қажеттіліктерін өтеуге атсалысты.
Шараға сондай-ақ Алматы қаласы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Оспанов, "Республикалық тәжік этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Додар Махмадулоев, «Ариана» ауған орталығының" төрағасы Махмуд Эльяс және "Мурас" қырғыз этномәдени бірлестігінің" төрағасы Манас Ташибеков қатысты. Олар отбасыға азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізіп, рухани қолдау мен жанашырлықтарын білдірді.
Өрттің шығуына ақаулы электр сымдары себеп болған. Тілсіз жау отбасының баспанасын толықтай жойып жіберді.
Осындай қиын сәтте көрсетілген бұл көмек - қоғамдағы өзара жанашырлықтың, бірлік пен рухани тұтастықтың шынайы үлгісі. ҚХА құрылымдарының мұндай нақты іс-қимылдары Ассамблеяның әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы жұмысын күшейтіп, ел ішіндегі өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға өз үлесін қосуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесті
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті