Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2015

790

ҚХА мүшелері селден зардап шеккендерге көмектесті

6-шы тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы селден зардап шеккен тұрғындарға көмектесті.  

 

6-шы тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы селден зардап шеккен тұрғындарға көмектесті.  Алматы қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктері де бірігіп табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсеткендері жайлы хабардар етті. Апат болған аймақ тұрғындарымен кездесіп, ауыз су, азық-түлік және сел зардабын тазалауға арналған құрал-жабдықтар жеткізіп берді. Наурызбай ауданының әкімімен кездескен акция мүшелерінің айтуынша, болған табиғи апат қазақстандықтардың ешқайсысын бейжай қалдырмаған. Табиғи апат адамдардың бойындағы аяушылық, жанашырлық қасиеттерін оятып, қиын кезде халықтың бірігуіне, бір-біріне қол ұшын беруіне септігін тигізгендігін айта кеткен жөн.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович ҚХА зардап шеккен аймаққа көмек көрсетуін әлі де жалғастыратындығын айтты.

Кейін қарай