23 Қаңтар, 2024
365
ҚХА МҮШЕСІ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ, ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ СЕРҒАЗЫ БАТЫР: СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН!
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен атақты батыр, бұрынғы қазақ палуандарының күштік дәстүрлерін жалғастырушы, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі Сергей Цырульников Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде бейбітшілік пен келісімді ілгерілету, ҚХА-ның қызметімен таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Ассамблеяның жұмысы мен іске асырылып жатқан жобалары туралы ҚХА төрағасының орынбасары – республикалық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акбаржон Исмаилов өз сөзінде айтып берді. Аталмыш әскери мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, спикер Ассамблеяның міндеттері мен мақсаттарын нақты белгілеп, ҚХА институтының қоғамдық қызметтегі, сондай-ақ елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтті.
Кездесу барысында Серғазы Батыр өзінің күш-қуатының мүмкіндіктерін көрсетіп, елордалық Әскери колледж оқушылары арасында шағын жарыстар өткізді, қатысушыларға қасиетті қазақ жерінің ұлы батырларының жетістіктері туралы айтып берді.
Колледж тәрбиеленушілерінің бірі: «Мен аралас жекпе-жектен спорт шеберімін, тақаны бүгуге, жылжытуға және экспандерді қысуға тырыстым, бірақ өкінішке орай олай жасай алмадым... Серғазы батырдың Ақмола облысынан келген жерлесім екендігі мені шабыттандырады және ол бізге батырлардың туылмайтынын, бірақ күшейтілген жаттығулар мен қажырлы еңбектің салдарынан қалыптасатынын әрдайым айтады. Ол өзінің күштік нөмірлері арқылы біздің қазақ батырларымыз туралы әңгімелеп берді. Бұл біз үшін үлкен үлгі және спортпен шұғылдануға мотивация болмақ» - дейді.
Айта кететін жайт, Ассамблея мүшесі ретінде Сергей ҚХА-ның қайырымдылық қызметін де дамытуда. Мәселен, Цырульников «100 Ауыл», «Зияткерлік сынып-конструктор», «BATYRS BATTLE», «Үй сыйлайық» және т.б. жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.
«Батыр – қиын-қыстау сәттерде өз жері мен халқы үшін өзін құрбан етуге дайын адам. Себебі, өз тарихымызды білмей, біз ұлтты жоғалтамыз», - дейді қазақ палуан Серғазы.
Мотивациялық кездесудің қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
-
Шығыс Қазақстан облысы: этноауыл
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
Қарағанды облысында ҚХА Аналар кеңесінің Республикалық отырысы өтті
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті