28 Қыркүйек, 2016
816
ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы
2016 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де Астана қаласы., ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы сотының өкілдері, Достық үйіндегі медиация кабинеттерінің меңгерушілері, ҚХА мен Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысады.
Отырыс модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов болады. Баяндама жасайтындар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Әбдірайым Б.Ж.; ҚР Жоғарғы сотының судьясы – Сүлейменова У.А.; ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі – Раисова Б.А.; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жанындағы «Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Ерімбетов Н.К.; психолог, заңгер, кәсіби медиатор, медиация мен психология бойынша жаттықтырушы – Савицкая Т.И.
Іс-шара барысында ҚХА медиация кабинеттерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар азаматтық институттармен өзара ықпалдастығының негізгі тетіктері, ҚР сот жүйесіндегі медиацияның рөлі, сот органдарының ҚХА медиация кабинеттерімен өзара қарым-қатынасының мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланып, ҚХА медиация орталығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар дайындалады.
***
29-30 қыркүйек күндері отырыс қатысушыларына арналған семинар-тренингтер, дәрістер, «дөңгелек үстел», коучинг, медиация саласындағы шетелдік сарапшыларымен онлайн-конференция, Достық үйлеріндегі медиация кабинеттерінің қызметі туралы таныстырылым ұйымдастрылады (Іс-шара бағдарламасы қоса беріледі).
Іс-шаралар ҚХА қызметінің жаңа бағытын, ҚХА мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы меморандумды іске асыру аясында өткізіледі
_______________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13
E-mail: info_rgy@mail.ru, www.assembly.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10