16 Маусым, 2023
609
ҚХА МЕН "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2023 жылғы 15 маусымда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов “Respublica" партиясының өкілдерімен кездесті.
Аталмыш кездесу Мемлекет басшысының а.ж.сәуірдегі ҚХА-ның XXXII сессиясында берген, Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын күшейту туралы тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов өз сөзінде еліміздегі бейбітшілік пен келісім үшін тек уәкілетті мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық саяси сыныптары жауапты екенін атап өтті.
"Біз саяси айырмашылықтардың этникалық қағидаттары бойынша қоғамның бөлінуіне негіз болмауына және азаматтарымыздың азаматтық бірегейлігі қоғамның әлеуметтік-саяси тұтастығының негізіне айналуына да жауаптымыз", - деді ол.
Өз кезегінде "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров партия қызметінің негізгі бағыттары туралы айта отырып, “Respublica" партиясы қоғам өміріндегі барлық салаларда құрылымдық өзгерістерге бағытталған МЕТА – партия екенін атап өтті. Партия қызметінің маңызды аспектісі барлық азаматтар үшін бейбітшілік пен келісім атмосферасын құру болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында тараптар ҚХА-ның "Respublica" партиясымен елдегі қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік және үйлесімді этносаралық қатынастар құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Ассамблея мен "Respublica"партиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті