
03 Қыркүйек, 2018
1298
ҚХА мен Таиланд ұлттық институты ұлтаралық қатынас саласында ынтымақтастық туралы келісті
3 қыркүйекте Астанада ҚР Ұлттық академия кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Таиланд Королдігі делегациясының «Мемлекеттік органдар және ұлтаралық қатынастағы азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Шараға Төраға орынбасары, ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, «Nation-building Institute» (Таиланд) институтының төрағасы, Гарвард университетінің аға оқытушысы, профессор Криенгсак Чароенвонгисак, ҚХА мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея құрылымдары қатысты.
«Қазақстанның дамудағы маңызды шарты — бұл халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету, оның бірігуі, Қазақстанның барлық әлеуметтік-саяси, экономикалық реформалары үшін жүргізілетін шарт.
Қазақстан халқы Ассамблеясын бірлік пен келісімді, конфессияаралық қатынасты үйлестіру үшін құру идеясын Қазақстан Президенті 1992 жылы Қазақстан халқы Форумында айтқан болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. Оның қызметі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған», — деп атап өтті Хатшылық меңгерушісі.
«Мен қазақстандық моделдің негізіне бірнеше қағида енгізілгенін атап айтқым келеді. 1989 жылдан бастап 40-қа жуық этнос өкілдері өздерінің дәстүрлері мен мәдениетін сақтап және дамыту мақсатында этномәдени бірлестіктерін құра бастады. Ал 1995 жылы біз Ассамблеяға біріктік. Одан бөлек, барлық этникалық топ өте жоғары әлеуметтік-құқықтық қоғамдық статусқа ие. Этностардың ешбірі де аз ұлт ретінде қарастырылмайды. Біз тіпті Қазақстанда бұндай түсінікті пайдаланбаймыз. Біздің әрқайсысымыз Қазақстанның азаматымыз — Қазақстан халқының ажырамас бөлігіміз. Этнос өкілдері және олардың мүддесін жүзеге асыру жоғары мемлекеттік деңгейде, Президенттің деңгейінде талқыланады. Мемлекет Басшысы Конституция кепілі және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып табылады. Бізде көп күттірген сан алуандылық қағидасы іске асты.
Біз қазақ халқы бірігудің бастауы деп ашық айта аламыз. ХХ ғасырда қазақ халқы сталиндік репрессия мен жер аудару кезінде 62 түрлі этносты қабылдаған. Осының бәрі халықты ұжымдастырудан кейін қазақтар жарты халқын жоғалтып алғанына қарамастан жүзеге асып жатты. Осы ауыр жылдарда бізде қазақтың қонақжайлылығының негізінде достық пен өзара көмектесу дәстүрі қалыптасты. Бүгінде біз қазақ халқын мәдени-тарихи өзек ретінде қабылдаймыз, оның айналасында біздің көптілділік пен конфессионалдық үлгі іргетасын қалауда. Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты тұғырда қарастырылады. Ол этникааралық қарым-қатынаспен жұмыс істей алады, азаматтық қоғамды бейнелейді, сондай-ақ мемлекетпен диалог құруды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық этностарының мүддесін қорғайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына 1111 этномәдени бірлестіктер кіреді.
Этникааралық қатынастың мәселесін қарастыру ғылыми пайымдауды қажет етеді, сол себепті бізде Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды. Оның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық қатынас орталығы болып табылады. Бұл бізге барлық мемлекеттік қызметшілерді этникаралық қатынас технологияларына оқытуға мүмкіндік береді. Әр облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми тобы құрылған, алдыңғы қатардағы 40 ЖОО-да ҚХА кафедрасы жұмыс істейді. Бұл кафедралар студент жастармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және қазақстандық бейбітшілік пен келісім моделін үйретеді. Біз еліміздің барлық жастарын біріктіру үшін «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын құрдық. Бүгінгі күні бұл құрылым барша облыстарда тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Қорытындылай келе, өз сөзімді былай аяқтасам деймін: «Біз болашаққа үмітпен қараймыз, егер бірлік пен келісімді сақтай алсақ, соған жетеміз. Бірлік пен келісім болмаса, ештеңе де болмайды», — деді Л. Прокопенко.
«Мен қазақтарды 20 жыл бұрын Гарвард университетінде алғаш рет кездестірдім, олар мұнай және газ саласында жұмыс істеді. Сіздердің елдеріңізді, яғни, осы индустрияда қалай жұмыс істейтіндеріңізді, аталған саланы қалай дамытып жатқандарыңызды көруге бел шештім. Сонымен қатар Қазақстанда 130 этнос өкілдерінің тұрып жатқанын білемін. Әртүрлі мәдениеттегі халықтың бір елде тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мені қатты қызықтырды. Біз сіздерден қысқа мерзімде қарқынды дамуды үйренсек деймін. «Қазақстан-2050» Стратегиясы болашақтың мықты көрінісі болып табылады. Қазақстан уран өндірісінің жетекші өндірушісі, сіздерде сирек минералдар қоры өте мол және оны елдің дамуына дұрыс қолданып жатырсыздар. Біз сіздерден экономика, мәдениет және әлеуметтік аспектілерді үйрену үшін келдік. Мен осы кездесуден кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыс күшейе түседі деп сенемін», - деп сөзін қорытты шетелдік жоғары мейман.
Дата события ассамблеи: 03.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті