08 Маусым, 2023
524
ҚХА МЕН ЖСДП ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің басшылары мен ЖСДП өкілдері қатысты.2023 жылғы 8 маусымда Астана қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілхановтың Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында М.Әзілханов партия өкілдерін Ассамблеяның ағымдағы қызметі және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды.
"Ассамблеяның XXXII сессиясы саяси реформалар бағдарламасының жалғасы болды. Оның қорытындысы бойынша этносаралық қатынастар мәселелерінің барлық тетіктеріне сай тапсырмалар берілді. Негізгі міндеттердің бірі этномәдени бірлестіктердің орталықта да, жергілікті жерлерде де этносаралық коммуникацияның тиімді құралдарын қалыптастыру үшін саяси партиялармен өзара іс - қимыл жасауына жаңа серпін беруі болып табылады", - деді ол.

Саяси күштермен тығыз өзара іс-қимыл жасау азаматтардың шешім қабылдау процесіне және азаматтық қатысу қағидатына тартылуы негізінде азаматтық бірегейлікті нығайту үшін Ассамблеяның қоғамдық рөлін және этносаралық коммуникациялардың кең алаңдарын кеңейту жөніндегі міндетке сәйкес келеді.
Өз кезегінде ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов партия қызметінің негізгі бағыттары туралы айта отырып, халық арасындағы бейбітшілік пен достық, ынтымақ пен келісім қағидаттары табысты мемлекеттің басты кепілі екенін тілге тиек етті.
"Қазақстандағы толеранттылық пен ұлтаралық келісімнің бірегей тәжірибесі тиісті жалпы әлемдік процестерге елеулі үлес қоса алатынына сенімдіміз", - деп атап өтті ЖСДП төрағасы.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық қоғамда жалпыұлттық бірлік, қоғамдық келісім және үйлесімді этносаралық қатынастар құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық, шығармашылық, ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында екіжақты деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті