Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2016

970

ҚХА - қоғамдық келісімнің маңызды институты

2016 жылдың 7 наурыз күні  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған «ҚХА - қоғамдық келісімнің маңызды институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары, «Жастар-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Мамедова болды. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың достық пен бірлікте өмір сүруіне, ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтауға, нығайтуға  мемлекетімізде  ерекше басымдықтар берілген.

Елімізде жиырма жыл бойы конфессияаралық және этносаралық келісімді қорғауда және ілгерілетуде  ҚХА Қазақстан символына айналды. Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында Ассамблея көп этносты Қазақстан халқын шоғырландыруда жасампаз күшке айналды, ұлтаралық қарым-қатынасты дамытуға үлкен үлес қосып, бірліктің бірегей институты атанды. Қазақ ұлты барлық ұлттардың басын біріктіретін, теңдігін қамтамасыз ететін ұлт  болып табылады. Сөз кезегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының доценті С.Омаров «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім-біздің басты құндылығымыз» тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде біздің көп ұлтты елімізде бейбітшілік пен келісім, мәдениет пен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылғандығын атап өтті.

Қазіргі жағдайда этностық айырмашылықтарына қарамастан жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда, қоғамды біріктіруде ҚХА үлкен рөл атқарады. Біз қоғамдық келісімді сақтап және нығайтуымыз керек. Бұл мемлекет, қоғам, ұлт ретінде біздің өмірімізде бұлжымайтын қағида. Мемлекет және халық оны сезініп, бірге жұмыс істеуі қажет. Балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотитзмді қалыптастыру бағытында тәрбиелеуіміз керек. Бұл мемлекетіміз үшін ең алдымен  мақтаныш және жетістіктерге жету болып табылады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Р.Баярисов «ҚХА мәдениеттер диалогының бірегей евразиялық үлгісі» тақырыбында баяндама жасады. Қазіргі өркениет заманында өткір тұрған дүниетанымдық, құндылық дағдарысы жағдайында отандық зиялы қауымға еліміздің болашағы үшін ментальдық жобалау, дүниетанымдық үлгіні көрсетуде ҚХА едәуір көмек көрсетуі мүмкіндігі айтылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

 

Кейін қарай