Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2014

914

ҚХА сарапшылары Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Кеңес қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Төменде қарар мәтіні беріледі.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауының қорытындысы бойынша қабылдаған қарар

 

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты айқындалған Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы Жолдаудың ү.ж. қарашада жариялануы тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өте алатын әлемдік экономикадағы күрделі процестермен, геосаяси дағдарыспен, әлемдік архитектурадағы өзгерістермен байланысты деп атап өтті.

Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мемлекет пен қоғамның алдағы кезеңдегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өтті. Бұл саясат ең алдымен Қазақстанның әлеуметтік жетістіктерін сақтауды қамтамасыз етіп, мемлекеттің Қазақстан халқы атындағы әлеуметтік міндеттерін толық көлемде орындауына мүмкіндік береді.
Жаңа экономикалық саясаттың басымдығы - барлық салалар үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдарын дамыту болады.

Жаңа экономикалық саясат Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерінің негізінде қуатты мемлекет, әлеуетті қоғам құру жолындағы саяси бағытының заңды және объективті жалғастығын айшықтайды.

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты – бұл әлемнің 30 дамыған елі қатарына жасалған маңызды қадам. 

Мемлекет басшысы мықтылар анықталатын ғаламдық сынақтан өтуіміз үшін тұтастығымыз бекем, қазақстандықтар арасындағы сенім берік болуы тиіс екеніне назар аударып – Қазақстан халқы бірлігі мен этносаралық келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау қажет деп атап өтті. 

Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. «Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегісі»! деп атап өтті.

Бүгінде Қазақстан халқы Елбасымен бірге дұрыс таңдау жасады – бұл ел бірлігіне, біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының әл ауқатының артуы мен гүлденуіне бастайтын таңдау.
Біз «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты біздің полиэтносты және поликонфессиялық қоғамымыздың жаңа табыстарының басты негізіне айналатынына нық сенімдіміз.

Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отанымыздың алдындағы жауапкершілігі Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз ететін темірқазыққа айналатын болды.

Біз барша азаматтарды Тәуелсіздігіміздің мызғымас идеялық тұғырына, барша қазақстандықтарды біріктіруші, ешқашан таусылмас қуат көзіне айналған «Mәңгілік Ел» - жалпы ұлттық идеясының түпкі мәніне терең бойлауға шақырамыз! Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы - бұл біздің ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы. Бұл бастаулар келер ұрпаққа мұра болып қалуы тиіс – елдің бірлігі тұрған біздің тарихи жеңістеріміздің биік белестері. 

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын – осыдан 13 ғасыр бұрын бабалар өсиет етіп қалдырған қазақ мемлекеттігінің тарихының тереңдігі деп ұғынуға шақырамыз!

Біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар – ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз!

Біз тарихи жауапты сәтте, барша халықты елдік мақсатқа жұмылдыратын Елбасының «Қазақстан тек қана алға» ұранын толық қолдаймыз!

 

Кейін қарай