19 Маусым, 2015
811
ҚХА төрағасының орынбасары, болгар этномәдени орталығының жетекшісі Олег Григорьевич Дымовты Болгарияның мемлекеттік наградасы 1 дәрежелі «Святые Кирилл и Мефодий» ордені – алқызыл ленталы алтын крестпен салтанатты марапаттау рәсімі
2015 жылғы 19 маусымда сағат 16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Қазақстан халқы Ассамблеясы залында ҚХА төрағасының орынбасары, болгар этномәдени орталығының жетекшісі Олег Григорьевич Дымовты Болгарияның мемлекеттік наградасы 1 дәрежелі «Святые Кирилл и Мефодий» ордені – алқызыл ленталы алтын крестпен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Святые Кирилл и Мефодий» ордені - Болгария Республикасының мемлекеттік наградасы болып табылады. Орденмен мәдениет, өнер, білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан болгарлық және шет ел азаматтары марапатталады.
Аталмыш іс-шарада О.Г. Дымовке 2015 жылы ҚР Президентін кезектен тыс сайлау бойынша өткен сайлау науқанына қатысқаны үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан алғыс хат табыс етіледі.
Іс-шараға ҚР Болария Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Васил Петков, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА мүшелері, «Нұр Отан» ХДП, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, БАҚ қатысты.
***
ДЫМОВ Олег Григорьевич. 1946 жылдың 4 желтоқсанында Павлодар облысы Краснокутск ауданының Краснокутск ауылында дүниеге келді.
ЦК КПСС жанындағы Мәскеу жоғарғы партиялық мектебін «Саясаттану» мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдады. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2005 ж. бастап).
«Қазақстан-болгар мәдениет орталығы» АҚ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
45 жылдан астам мемлекеттік қызметте, олардың 14 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында, ҚР Парламент Мәжілісінің І және ІV шақырылымдарының депутаты.
Этносаралық қатынас бойынша оннан астам кітаптың, үш өлең жинағының авторы және қоса авторы. 2005 жылы О.Г.Дымов София қаласанда (Болгария) Н.А.Назарбаевтың болгар тіліне аударылған «Критическое десятилетие» кітабының сәтті таныстырылымын өткізді. 2007 жылы Болгарияда О.Г.Дымовтың болгар тіліндегі «Мы народ Казахстана» атты кітабы шығады.
6 медальмен және Елбасының үш Алғыс хатымен марапатталған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Дымов Олег Григорьевич Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі :
тел. 74-12-15, 74-12-13, +77077051211
E-mail: info_rgy@mail.ru
www.assembly.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты