17 Қазан, 2017
1357
ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мен Польша Республикасы Ішкі істер министрлігі және әкімшілігінің мемлекеттік хатшысы – Репатриация істері жөніндегі комиссар Себастьян Хвалекпен кездесті.
Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мен Польша Республикасы Ішкі істер министрлігі және әкімшілігінің мемлекеттік хатшысы – Репатриация істері жөніндегі комиссар Себастьян Хвалекпен кездесті.
Іс-шараға Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич, Польша Ішкі істер министрлігінің Азаматтық және репатриация департаментінің директоры Марек Зелинский, ҚХА өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы саясатты және өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Дархан Мыңбай сөз басында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және оны әрі қарай дамыту қажеттілігін атап өтті. Сондай ақ, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отырғандығын және осы уақыт ішінде барлық салаларда жақсы серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткізгенімізді атап айтты.
«Бүгінде елімізде Қазақстан поляктарының одағы жұмыс істеуде. Аталмыш одақтың бөлімшелері республиканың барлың өңірлерінде құрылған. Қазақстан аумағында поляктардың жеті этномәдени бірлестігі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда поляк тілі көптеген мектептерде оқытылуда. 800-ден астам қазақстандық студент Польшада білім алып жатыр. Бұған білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім ықпал етуде. Біз бұл істі одан әрі дамытуды көздеп отырмыз» деді ол.
Польшаның ІІМ және әкімшілігнің бас хатшысы өз кезегінде Қазақстанның Польша үшін маңызды серіктестердің бірі екендігін атап өтті.
Дата события ассамблеи: 17.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32