23 Мамыр, 2023
366
ҚХА Төрағасының орынбасары «ГолосОК» шығармашылық ұжымын мерейтойымен құттықтады
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордадағы «ГолосОК» музыкалық даму студиясының өнер кешін тамашалап, оның тұрақты жетекшісі Б.К. Бугинас бастаған шығармашылық ұжымды мерейтойларымен құттықтады.
«ГолосОк» музыкалық студиясы 10 жыл уақыт бойы балаларға тек вокалдық шығармаларды орындап қана қоймай, нағыз әртіс болуға және өнерде өзінің бағын жандыруға барынша атсалысуда.
Он жылда студиядан 1 мыңнан астам бала түлеп шықты. Олардың көпшілігі студиядан соң музыкалық және өнер мектептеріне оқуға түсіп, кейін сол түлектер вокалдық жобаларда да топ жаруда.
Өз алғы сөзінде М.Әзілханов оқу-ағарту саласын дамытуға, қоғамдық қызметіне, кәсіби шеберлігіне, музыкалық өнерді дәріптеуі мен ұжымның орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейіне қосқан зор үлесі үшін Бронислав Казизовичке ерекше ілтипатын білдірді.
«Барлық шығармашылық қызметін балалармен жұмыс істеуге арнаған Б.Бугинас, музыка әлемі арқылы қазақ тілін үйретуге де өз септігін тигізуде. Бронислав Казизович балаларды ғана емес, олардың ата-аналарын да патриотизмге, қазақ тілін үйренуге шабыттандырады», - деген М.Әзілханов өнер ұжымына сарқылмас күш-қуат пен жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі.
Айта кетсек, Б.Бугинас «Lituanica» Литва этномәдени бірлестігінің қоғамдық қызметін дамыта отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі болып табылады.
Жақында Мемлекет басшысы Б. Бугинасты халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10