16 Тамыз, 2023
463
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Жетісу облыстық этномәдени бірлестіктердің активімен кездесті
2023 жылғы 16 тамызда Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. А. Әзілхановтың Жетісу облысы ҚХА мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.Г. Шиповских, облыс әкімінің орынбасары Р. Али, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, сондай-ақ Жетісу облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
Кездесу барысында Жетісу облысының ҚХА қоғамдық құрылымдарының өзекті мәселелері және қызметін одан әрі жетілдіру жоспарлары талқыланды.
Кездесу барысында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Н.К. Баймадиева, облыстық мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы, Текелі қаласы «Облыстық орыс орталығы» ҚБ филиалының төрайымы К.М. Нестерова және облыстық корей этномәдени орталығының өкілі В.Л. Ли баяндама жасады.
Кездесу Жетісу облысы әкімінің орынбасары, Жетісу облысы ҚХА төрағасының орынбасары Р. Алидің кіріспе сөзінен басталды. Ол: «Бүгінде жұмыстың қалай жүзеге асырылып жатқанын және өңірде қойылған міндеттердің іс жүзінде қалай орындалғандығын, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сындарлы диалогтың қалай жолға қойылғандығын, этномәдени бірлестіктер мен әртүрлі қоғамдастықтардың өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында айтылған құндылықтар төңірегінде қалай шоғырланып жатқанын көру маңызды», - екенін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. А. Әзілханов өз сөзінде: «Кездесу Ассамблеяның XXXII сессиясы мен елдің бүкіл идеологиялық жүйесін дамыту үшін маңызды болған Ұлттық құрылтай отырысы өткізілгеннен кейін өтедуде. Ал этносаралық қатынастар осы жүйенің ажырамас және басым бөлігі болып табылады», - деп айқындады.
Марат Алмасұлы Әзілханов: «Қоғамдық құрылымдардың жұмысы халықпен тікелей өзара байланыста құрылуы тиіс.
Бүгінде бізге дөңгелек үстелдер мен кабинеттерде жұмыс жасау емес, халықпен бірге жұмыс, оқу немесе күнделікті өмір орындарында жасалатын нақты жобалар қажет.
ҚХА қызметіндегі жаңа жобалар мен тәсілдердің іске асырушылары сіздер - Ассамблеяның белсенді мүшелері болуға тиіс», - деп қорытындылады.
Өз сөзінің соңында М.А. Әзілханов Жетісу облысы ҚХА мүшелеріне белсенді қызметі үшін алғыс айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті