
28 Қыркүйек, 2023
419
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВТЫҢ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУІ
2023 жылғы 28 қыркүйек күні елордалық Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының оқытушыларымен, магистранттарымен және докторанттарымен кездесті.
Кездесу аясында этносаралық қатынастар саласындағы жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жобалары талқыланып, ҚХА кафедрасының бірінші курс докторанттары мен магистранттарының диссертация жұмыстарының тақырыптары мен негізгі бағыттары назарға ұсынылды.
Этнополитологияның жас ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерін таныстырып, еңбектерінің мақсаттары мен одан күтілетін нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз кезегінде жиын қатысушылары жоспарланған зерттеулердің мазмұны мен бағыттарына қатысты тілектерін білдірді.
Этносаясат саласында кәсіби кадрлар даярлау халықаралық саладағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Этносаясат бойынша білім беру бағдарламасы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, саясаттану кафедрасы мен халықаралық қатынастар факультетінің этносаралық қатынастар саласында үнемі ақпарат алмасуға, зерттеулер жүргізуге, этносаясат бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуге мүдделі бірлескен жұмысы.
Биыл халықаралық қатынастар факультетінде докторанттарды даярлауға арналған «Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.
Айта кетейік бүгінде ҚХА кафедрасында Қазақстан мен АҚШ-тың 8 өңірінен 6 этнос өкілінің 23 магистранты мен 2 докторанты білім алуда.
Биылғы жылы кәсіби этносаясатшылардың алғашқы тобы түлеп шықты. Қазіргі таңда олар әр түрлі сараптамалық-аналитикалық құрылымдарда жұмыс істейді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ЕҰУ магистранттары мен докторанттарына бұдан әрі де жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді