16 Қыркүйек, 2023
388
ҚХА Төрағасының орынбасары медиа саласының өкілдерімен кездесті
Бүгін Алматы қаласында Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтің медиа саласының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этникалық БАҚ өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты.
Бұл кездесу «галстуксіз» форматта өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтумен қатар, азаматтық бірегейлік мәселелері бойынша ортақ шешім табуға ұмтылған пікірлестерді біріктіру мақсатында өткізілді.
Іс-шара соңында шақырылған журналистер мен қатысушылар БАҚ-та жұмыс жүргізу бойынша бірлескен қызметтің жобалары мен бағыттарын талқылай отырып, ортақ тіл тапты.

Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті