30 Маусым, 2016
1104
ҚХА тарихи оқиға - Қазақстан Республикасының алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы - Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды!
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи оқиға - Қазақстан Республикасының алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы - Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды!
Біздің еліміз Орталық Азияда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына сайланған тұңғыш мемлекет.
2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысына 193 мемлекеттің қатысуымен өткен дауыс беру кезінде Қазақстанға 138 мемлекет қолдау көрсетті.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан БҰҰ саяси органының аса маңызды жұмысына ресми түрде қатысатын болады, оған Ұйымның Жарғысымен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша өкілеттіктер жүктеледі.
Бұл – Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшіліксүйгіш сындарлы сыртқы саясатының салтанатты жеңісі!
Бұл барша қазақстандықтардың жеңісі!
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы – Қазақстан Республикасының халықаралық жоғары беделінің айшықты айғағы, оның халықаралық қауіпсіздікті және мемлекетаралық қатынастардағы сенім шараларын нығайтуға қосқан үлесінің бағалануы.
Қарусыздану саясатының эталоны болған Қазақстанның және оның Көшбасшысының Семей ядролық полигонын жабу, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту бастамашыл бейбітшіл идеялары халықаралық қоғамдастықта қолдауға ие болды.
Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, қауіпсіз жаңа әлем мен әділеттілікке бағытталған G-global бастамасы Қазақстанды бейбітшіл бастамалар мен бүкіл әлемдегі сенім атмосферасын қалыптастырушы көшбасшы ретінде танытты.
Халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған АҚШ-ғы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі БҰҰ-ның ресми құжатына айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы асқан ризашылық сезімін білдіре отырып, Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, барша Қазақстан халқын Қазақстанның көп векторлы халықаралық саясатындағы тарихи жеңісімен құттықтайды!
Бұл жеңіс – Орталық Азиядағы және еліміздің әр азаматының қауіпсіздігін нығайтудың кепілі!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, Астана қ., 2016 жылғы 29 маусым
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10