15 Наурыз, 2016
806
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кездесуі
2016 жылғы 14 наурызда сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі - ҚР Президентінің жанындағы МБА) «Қызыл залында» ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелерінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының парламенттік өкілдігі институтының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асырудағы рөлі» тақырыбына арналған сараптамалық кездесуі өтті.
Кездесу ҚХА, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі, Астана қаласы ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобы мүшелерінің, ҚХА кафедралары қауымдастығы мүшелерінің, ҚР Президентінің жанындағы МБА профессорлар-оқытушылар құрамының қатысуымен өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың мақсаттары мен міндеттерін сараптамалық талдау болып табылды.
Ұйымдастырушылар: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі президиумының мүшесі, ә.ғ.к. Б.И.Рақышева, ҚР Президентінің жанындағы МБА оқу ісі жөніндегі вице-ректоры, э.ғ.д. А.Ғ.Мұхамеджанова іс-шара модераторлары болды.
Сарапшылық кездесу шеңберінде баяндама жасағандар:
- Мурадов А.С. – ҚХА-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің 6-шақырылымына депутаттыққа кандидат, ҚХА Кеңесінің мүшесі;
- Бурбаев Т.К. – ф.ғ.д., ҚР Президентінің жанындағы МБА Мемлекеттік саясат ұлттық мектебі «Әлеуметтік-басқарушылық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі;
- Тимощенко Ю.Е. - ҚХА-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің 6-шақырылымына депутаттыққа кандидат, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА мүшесі;
- Шаймерденова Н.Ж. – ф.ғ.д., профессор, М.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директорының тәрбие жұмысы және дамыту жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
Баяндамашылар А.С.Мурадов пен Ю.Е.Тимощенко Қазақстан Республикасындағы парламентаризм, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциялардың қызметі, депутаттық топтың қызметі туралы толыққанды ақпарат берді. Депутаттар бастамашылық жасаған заңдар туралы, депутаттардың жұмыс комиссияларына қатысуы, ҚХА-ның әлеуметтік мәні бар жобалары туралы ақпарат таныстырылды.
Пікір алмасудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы болып, оған кездесуге қатысқан баяндамашылардың көпшілігі ден қойды. Әсіресе, ҚР Президентінің жанындағы МБА Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің профессоры Т.К. Бурбаев баса назар аударды.
Баяндамашы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Н.Ж. Шаймерденова өз ұстанымын білдіріп, ҚХА-дан сайланған депутаттардың ҚХА жылының әртүрлі бағыттағы іс-шараларына белсене атсалысқанын, бұл олардың белсенді қоғамдық жұмысының жарқын көрсеткіші екендігін атап айтты. Баяндамашы ҚХА-ның іс-шараларына ғылыми-сарапшылық сипатта оң баға берді, ҚХА депутаттарының ҚХА-ның қоғамдық құрылымдармен, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесімен өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің 6-шақырылымына ҚХА-дан депутат болып сайланғандардың қызметінен күтілетін мәселелер де атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты