16 Маусым, 2023
468
ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласының Достық үйінде «Ұлт қалыптастыру үрдісінің ғылыми тәсілдері: мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXII сессиясындағы негізгі тапсырмасы» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА кафедралары қауымдастығы мен ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.
Өз алғы сөзінде Индира Рыстина ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі жүргізіп жатқан ғылыми-талдамалық қызметінің практикалық мәні барын және біздің қоғам үшін маңыздылығын тілге тиек етті.
«Этносаралық тақырып бойынша сараптамалық алаңдардың маңыздылығын атап өткім келеді. Зерттеу аясында туындайтын жаңа идеяларды талқылау кезінде біз өзіміздің зерттеу тобымызбен немесе институтымызбен шектелмеуіміз керек. Әр түрлі пікірлерді тыңдау, жаңа тәсілдерді үйрену, жаңа ережелер бойынша пікірталастарға қатысу үшін сарапшылар тобын кеңейту қажет», - деді ол.
Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы бойынша Ұлт қалыптастырудың ағымдағы жай-күйін зерттейтін баяндама дайындау мәселесін талқылады.
Өз сөзінде Ғалым Шойкин ҚХА-ның XXXII сессиясында Мемлекет басшысы айқындаған этносаралық қатынастар саласындағы басты басымдықтардың бірі дәйекті және ғылыми негізделген этносаясат екенін айтты.
«Осы басымдық шеңберінде Президент Үкіметке жыл соңына дейін тиісті өзекті ұсынымдармен ұлт қалыптастыру процесінің ағымдағы жай-күйін талдай отырып, талдамалық баяндама дайындауды тапсырды. Қазіргі уақытта Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, талдамалық институттармен және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп баяндама құрылымын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - дей келе, жиынға қатысушыларды еліміз үшін маңызды құжатты құруда атсалысуға шақырды.
Кездесу барысында алдағы жұмыстың негізгі векторлары талқыланып, қатысушылар арасында өзара пікір алмасылды.
Оның қорытындысы бойынша сарапшылар материалдың мазмұнды бөлігі шеңберінде көзқарастарымен бөлісіп, негізгі ұсыныстарды тұжырымдады.
Сондай-ақ отырыста этносаралық қатынастар саласындағы заманауи сын-қатерлерге сәйкес жаңартылған ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің құрамы ұсынылды.
Жиынға қатысушылар ҚХА ҒСК-нің жаңа құрамына жоғары бағаларын беріп, ұлт қалыптастыру үрдісін кешенді талқылауға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
вчера, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
12 Маусым, 23:59