08 Маусым, 2021
617
ҚХА «Жастар жолы-2021» жастар мектебін ұйымдастырды
«Жастар жолы-2021» жастар мектебі атауымен 2021 жылғы 5 және 6 маусым аралығында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы жанында орналасқан «Ақбұлақ» демалыс базасында екі күндік тағылымдық мәні бар іс-шара өткізілді. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысып, белгілі тақырып аясында пікір бөлісіп, алда тұрған міндеттерді саралауды жоспарға енгізді.
Іс-шара мақсаты-мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты түсіндіру, дау-жанжалдардың алдын алу, БАҚ қызметін кеңінен түсіндіру, адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты дәріптеу, жаңа достар табу арқылы іскерлік-әріптестік қатынасты нығайту.
Шараның алғашқы күнінде «Жастар саясатындағы көшбасшылық және мүмкіндік» тақырыбы бойынша журналист, TV продюсер Әйгерім Есенәлі дәріс оқыды. Одан әрі заң ғылымдарының магистрі Светлана Нагай «Жанжал және Мен» тақырыбына дәріс өткізіп, мәселені заң тұрғысынан шешуге жан-жақты тоқталды.
Келесі күні Нұр-Сұлтан қаласының Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Исмаилов қатысушыларға «БАҚ-пен жұмыс. Онлайн жұмыстың жаңа қадамдары» тақырыбы бойынша дәріс оқып, замануи технологияны қолдану әдісінің қыр-сырын айтып берді. Одан кейін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Қожахметов «Жанжалдың себептері, оның түрлері мен алдын алу әдістері» тақырыбына дәріс оқып, көпшілікті мәселенің заң тұрғысынан шешілу ісімен жетік таныстырып шықты.
Шара аясында «Оқжетпес» пен «Жұмбақтасқа» арнайы тур және тимбилдинг өткізіліп, «Достық алауы» жағылып, қорытындысында марапаттау рәсімі мен гала-концерт өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті