02 Қазан, 2024
262
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
2024 жылғы 2 қазанда Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі мен Қырғызстан халқы Ассамблеясының басшылығымен, сондай-ақ Қырғызстандағы жастар қоғамдастығының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстандық делегация құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі — «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев пен ҚХА мүшесі — ҚР Ұлттық Дельфий Комитетінің төрайымы Құралай Тұспекова кірді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстандағы жастар ұйымдарының өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, шығармашылық және мәдени алмасу перспективалары, сондай-ақ екі ел жастарының сұранысқа ие дағдыларын дамыту жөніндегі бірлескен жобалар аясы талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Орталық Азия деңгейіндегі жастар қоғамдастығының интеграциясы мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.
Сапар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Балалардың Дельфий ашық ойындарына қатысты, онда қазақстандық делегация түрлі номинациялар бойынша қазылар алқасына ұсынылды.
Айта кету керек, «Ассамблея жастары» РҚБ өңір жастары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге белсене атсалысуда.
Осыған орай, қыркүйекте Алматы қаласында Орталық Азия жастарының ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен «Jastar Generation - 2024» атты халықаралық жастар лагері өтті. Бұл күн тәртібі елдер арасындағы достық байланыстарды дамыту және өңірдің азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында насихатталуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті