
31 Тамыз, 2018
4478
ҚХА ЖАСТАРЫ ЛАГЕРЬДЕ «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫНА БІР КҮНДЕРІН АРНАДЫ
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайлас келген Алматы облысындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қолдауымен өтіп жатқан халықаралық жастар лагерінде «Қазақтың қонақжайлылғының ерекшелігі» деп аталатын ақпараттық-танымдық бағдараламасы таныстырылды.
«Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді. Ол «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің қатысушыларына құрмет көрсетіп, мемлекетке маңызы бар мереке — Қазақстанның Конституциясы күнімен құттықтады.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы сарапшысы Инара Рахимзаде «Бүгінгі Конституциямыз болашақтың бастауы. Бәріміз білетіндей, Конституция биліктің үш бұтағын анықтайды: атқарушы, заңнамалық және сот ісі. Осы биліктің әрқайсысы өзінде нақты тұлғаларды көрсетеді. Сіздердің барлықтарыңыздан өзінің тұрғылықты жерінде осы арада алған саясат пен идеология ілімін енгізетін тұлға, көшбасшы көреміз», — деді.
Күннің мазмұнды бағдарламасы қазақ мәдениетін, тарихын, пәлсәпасын Қазақстандағы барлық этностарға дәріптеуге бағытталған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасына арналды.
Қазақ киіз үйін құрудан «Әжелер алқасы» төрайымы Әлия Бекбаева шеберлік сыныбын өткізді. Ол киіз үйді құру әдіс-тәсілін түсіндіріп өткен соң, барлығы құраушы бөліктерін қолдарына алып, киіз үй құруға күш жұмылдырды. Барлығы да бір кісідей қазақша үйді дұрыс құрастыру нұсқаулығын үйрене жүріп, бір сағат ішінде сегізқанатты киіз үйді тұрғызып тастады. Шеберлік сыныбы әрі қарай жалғасын тапты.
Жастар слетінің қонақтары қазақтың ұлттық үйінің әшекейлері мен жабдықтары туралы толыққанды мәлімет алды. Сонымен қатар оларға киіз үйді тұрғызудың ерекшеліктері айтылды. Көшпенділер үшін киіз үй өзінің қолайлығы мен ыңғайлылығымен өте тиімді. Ол тез жиналып, тез тарқатылады, сондай-ақ көлікте ғана емес, түйе, атпен де алып жүруге тиімді. Киіз жабқышы ауа райына төселген. Жаңбыр, жел, суық өткізбейді, ал жаздың аптап уақытында киіз үйдің ішінде салқын ауаны ұстап тұрады.
Көрнекілік үшін қазақтың ұлттық нақышында шеберлердің былғарыдан, киізден және ағаштан қолдан жасаған бұйымдарының шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Қатысушылар қалауынша бұйымдарды сатып алып қана қоймай, олардың жасалу жолының барысымен және шеберлерден аталған материалдармен жұмыс істеудің ерекшелігін егжей-тегжейлі танысты.
Шараның жалғасында жастар Алматы облысының ҚХАХ бас маманы Сәуле Сұрабалдинованың дәрісіне қатысты, дәріс спикер мен аудитория арасындағы диалогтегі ойын форматында өтті. «Бұрышсыз шеңбер: пәлсапа қыры» тақырыбындағы дәріс киіз үйдің құрылымы мен элементтерін тереңірек білуге бағытталды.
«Қазақ халқының мәдениетінде киіз үй ең маңызды орын алады. Бұл ұлттық мәдениет кодының ошағы. Киіз үй сыртқы ауыртпалықтан сақтайды. Киіз үй көшпенділердің негізгі тұрғын үйі ретінде қазақ халқының этникалық санасының маңызды параметрлік кескіні деп жазылған. Киіз үй шексіздік пен шектінің, шекарасыздық пен шекаралықтың, мәңгілік пен шақтықтың символы іспеттес шеңбер сияқты. Қазақ елінің «Мәңгілік ел» идеясы тегін қалыптасқан жоқ, ол біздің өткенімізден, болашағымыздан, бүгінімізден бастау алып отыр. Халықты жетілдірудің мәңгілік ұлттық идеясы оның үнемі жаңғыруын, өзіндік дамуын және өзіндік кемелденуін тұспалдайды»,— деп анқытап кетті бас маман.
«Ел қартаймайды» деген қанатты сөз бар. Өткеннің терең жайған тамыры оның бүгініне, болашағына жол ашады. Біздің Президентіміз жаңару шартының жаңа тұрпаты туралы бірнеше мәрте айтқандай, өзіндік ұлттық кодтағы этникалық мәдениетті сақтау, яғни, бірлік, толеранттылық, өзара көмек, өзара қолдау, еркіндік, кең көзқарасты жетілдіру қасиеттерін дамытамыз. Бәрінен бұрын бұл айрықша рух сіңген ғасырлық дәстүрлер. Шеңбердің символикалық түсіндірмесіне келер болсақ, ол бұрыштардың болмауын анықтайды, ал әлеуметтік кеңістікте қатты, бітіспес, шешімі жоқ дау мен қақтығыстардың болмауын білдіреді. Философтар қайшылықсыз даму болмайды десе, онда қайшылық өзара жойылуға алып келмеуі керек. Әлеуметтік өмірде қақтығыстың болмауы мүмкін емес, бірақ әркімді тыңдай білу, бір пәтуаға келу — бұл біздің толеранттығымыздың негізі, қақтығыссыз өмір сүре білу мүмкіндігі», — деді Сәуле Сұрабалдинова.
Ол сонымен қатар қоғамдағы өмір қандай да бір шегінуді, әркімнен бейімделуді талап ететінін, қазіргі заманда бұл толеранттылық деп аталатынын айғақтады.
«Бұған мұрындық болатын көптеген себеп бар, дегенмен де арасында маңыздысы: бірінші, ұлттық сана мен өзін-өзі сәйкестендірудің өсуі, бұл жақсы, бірақ өзара қатынасты күрделендіреді. Екінші, жекелеген мемлекеттер мен жекелеген адамдардың дамуы үшін байқалмайтын мүмкіндіктерді алып жүретін бойлау, жаһандану. Бірақ сол тұста түрлі мәдениет, қағида мен мінез-құлық ережелері қақтығысады. Үшінші, түрлі құндылықтардың, мүмкіндіктердің, қордың қақтығысы, бұл мемлекет және жекелеген адамдар арасындағы қарым-қатынасты қатайтады. Бұл жағдайда толеранттық күшейеді», — деп түсіндірді спикер.
Оның сөзінше, толеранттық құбылысы бар, әрі оның шекарасы да бар. Сонымен қатар толеранттық өзге мәдениетке, дінге, басқа ұлттармен қарым-қатынаста қажет. Лектор баса назар аударып кеткендей, толеранттық — бұл құрмет, қабылдау, өзге мәдениетті дұрыс түсіну, өз болмысыңды көрсету. Осы орайда ол француз философ-ағартушысы Вольтердің сөзін мысалға келтірді: «Мен сіздің айтқаныңызбен келіспеймін, алайда сіздің өз пікіріңізді білдірудегі құқығыңызды қорғау үшін мен өз өмірімді құрбан етемін».
«Толеранттық — бұл сан алуандылықтың үйлесімі, тек моральдік борыш қана емес, саси және құқықтық қажеттілік, бұл біздің бейбітшілікке қол жеткізуді мүмкін ететін адамгершілігіміз, соғыстан бейбітшілік мәдениетіне ауысу. Толеранттық қасиеті қазақ мемлекетінің негізіне қаланған, өйткені Қазақстан өзінің тарихында көпконфессионалдық және көп этникалық мемлекет ретінде қалыптасқан. Қазақ халқы ұрпақтан ұрпаққа достық қарым-қатынасты нығайтуды және соған ұмтылуды өсиет етіп қалдырып келген, — деді Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы.
Ол сонымен қатар жұт болған жылдарға және зиялы өкілдерінің репрессияға ұшырағанына қарамастан Қазақстан көптеген жер аударылған халықтардың Отанына айналғанын, тек білімді адамдар ғана емес, қарапайым адамдар да өң бойынан күш, жанға жақындық тауып, Отансыз қалған жарымжан жандарды паналатқанын еске түсірді.
«Папа Римскидің сөзімен айтқанда, Қазақстан бірнеше этносымен кез келген көпконфессиялық қоғамда болашақтың ішкі құрылғысына үлгі бола алады. Бұл саладағы жетістікке Қазақстандағы заманауи азаматтық қоғамда әрекет етіп отырған институттары Қазақстан халқы Ассамблеясын, оның аймақтық өкілдері мен этномәдени орталықтарын жатқызуға болады. Ұлттың, діннің, жеке тұлғаның құқығын қорғауға құрмет — елдегі басқарушылық демократиясының маңызды қағидасы. Президент біздің Конституциямыздың, құқығымыздың, еркіндігіміздің, мүмкіндігіміздің кепілі болуы — демократямыздың тағы бір қағидасы», — деген түсінік берді лектор.
Қорытындысында ол бұрышсыз шеңбер — бұл қазақ халқының, Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың толеранттық менталдылығының негізі дегенді айтты.
«Біздің өткеніміз, бүгініміз, болашағымыз бір. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті үшін толеранттық мінез-құлықты саралау нормасы екенін, адамдардың мінез-құлқындағы өмірлік ұстанымдарын шынайы екендігін атап айтқан. Сол себепті болуы керек, Қазақстанда туған және осы мемлекетке жер аударылғандар оны туған жеріне балайды», — деп аяқтады өз сөзін Сәуле Сұрабалдинова.
Келесі «Ұлттық ерекшелікті қалыптастыруға тілдің рөлі» дәрісінің барысында қатысушылар қазақ тілін үйренудің жаңа әдісімен танысты, нақтырақ айтқанда, жазушының аузынан, «Ситуациялық қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасыбековтен үш томдық сипатталған мемлекеттік тілді үйренудің ерекшеліктерін білді.
Лектор өз әдістемесінің арқасында 50 жасында қазақ тілін үйренгенін айтты. Ең бастысы, Қ. Тасыбеков айтқандай, ұлттың өзіне және мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік болуы керек, әйтпесе тіл үйренудегі барлық әрекеттер сәтсіз аяқталады. Осы тұста ол тілді үйрену уақыты құлқын мен адамның мақсатына байланысты дегенді қоса айтып кетті.
Үш томда келтірілген оның әдістемелігі қазақ тілін үйренудің қарапайым және жеңіл әдісін қамтиды. Осы орайда автор «Тіл жанашыры» сыйақысымен марапатталғанын айта кету керек. Оның кітабы 2013 жылы қазақстандықтардың сана-сезіміне әсер еткен 100 кітап тізіміне енген және Қазақстандағы сатылымның бірінші орнында тұрды.
Спикер айтқандай, оның әдістемесінің негізінде тіл таратушының артынан керекті сөздерді қайталап отыруға байланыстырылған. Осы әдісті көркем пайдалану үшін ол аудиторияда ойын түрінде ситуациялық жағдай туындатты. Мысалға, жолдасыңмен амандасып, еркін түрде өзіңнің таңданысыңды және эмоцияңды еркін, қазақ тілінде жеткізе білу керек болды.
Әдістеме туралы айта отырып, автор тілді үйренуді келесідегідей ұсынады. Кітапта есте қаларлықтай түрлі-түсті пішінде тарихтың спецификалық деректері, тілмен байланыстырылған ұлт менталитетінің ерекшелігі жазылып, өмірлік жағдаяттар үшін сөйлеудің мінез-құлқы мысалға келтірілген: қазіргі қазақ тілінде пайдаланылатын той, жаназа және басқалары. Сонымен қатар орыстілді оқырманға таныс мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, орыс тілінің фразеологизмдерінің қазақша баламасы келтірілген.
«Менің әдістемем кез келген жағдайда сіздердің дайын сөйлемді жаттауларыңызға ыңғайланған. Қатысушылар өте жақсы сөйлейді, асаба секілді, бұл да төселгендіктің белгісі», — деді лектор.
Әдемі сөйлеу үшін біз қанатты сөздерді немесе өлең шумақтарын жаттаймыз, тілді үйрену үшін де әртүрлі жағдайларға сәйкес келетін, яғни, туған күн болсын, той болсын нақты бір сөздерді жаттап алып, күнделікті өмірде қолданысқа енгізу керек дегенді де тілге тиек етті.
«Осындай жағдайларда әдемі сөйлесеңіздер және адамдар ынта қойып тыңдаса, бұл адамды шабыттандырады, интуитивті түрде жаңа сөздерді қолдана бастайды», — деп түсінік берді Қанат Тасыбеков.
Аудиториямен әңгіме барысында ол «Ситуациялық қазақ тілі» кітабының бірінші томы бойынша әзірленген мобильді қосымша туралы айтты. Қосымшаны жүктеп алып, қазақ тілін жаңа әдістеме көмегімен үйренуге болады.
«Егер сіздер Қазақстанда өмір сүретін болсаңыздар және онымен тағдырларыңызды байланыстыратын болсаңыздар, онда қазақ тілі тек сөйлеп қана қоятын қарапайым тіл ғана емес, мансап үшін, тест тапсыру үшін де керек болады. Осы тілді үйренетін болсаңыздар, халықты да түсінетін боласыздар», — қорытындылады Қ. Тасыбеков.
Бірқатар дәрістерден кейін қатысушылар шағын ауыл орналасқан алаңға бет бұрды. Ол жеоре олар қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын көзбен көріп қана қоймай, дайындалу үдерісіне де қатысты. Лагерьдің әйелдер қауымы бауырсақтың қамырын илеп, құрт жайып, түрлі тәтті тағамдар әзірлесе, ерлер қауымы тұтас қойдың етінен қазақтың дәстүрлі тағамын әзірледі.
Аталмыш шара жастарға «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының аясында қазақ мәдениетімен, ұлттық асханасымен танысу, сондай-ақ Қазақстандағы әртүрлі этнос өкілдерімен жақындастыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының төрағасы атап көрсеткендей, 28 мен 31 тамыз аралығында өтіп жатқан кездесу бірден екі ірі шараны қамтып отыр — бұл «Бірлік» Халықаралық жастар лагері мен «100 жаңа есім. Табысты болудың құпиясы» жазғы мектебі.
«Бұл екі шара Қазақстан халқы Ассамблеясының және жуырда ғана Ассамблеяның жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қолдауымен өтіп жатыр. Ірі жобаға тек Қазақстанның ғана жастары қатысып қоймай, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей делегациясы да қатысуда. Мен бұл біздің жастар қанатына, Ассамблеяға маңызы бар халықаралық байланыс деп ойлаймын», — деді Максим Споткай.
Сонымен бірге ол бұл жерде ең маңыздысы Ассамблея жастары өздерінің жобаларын қорғап, өз идеяларымен бөлісіп, ол жайлы баяндай алуында екенін айтты.
Өз сөзінде лагерь жұмысында ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының қызметкерлері қатысып жатқанын және жастардың тың идеялары міндетті түрде қолдау табатынын айтты.
Жастар қозғалысының басшысы «Бірлік» лагері дәстүрге айналып, жыл сайын өтетінін жеткізді.
«Біріншіден, біздің басты міндетіміз — бұл жастарды бір-бірімен таныстыру. Біз Ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысын жуырда құрдық. Бүгін нақты қорытынды шығару кезі келді. Жастар өз жобаларын, идеяларын көрсетіп, оны қорғайды. Мен олар үшін жемісті болатынына сенемін», — деді ол.
Спикер бұл шарадан бөлек өңірдегі жастарды басқа да шараларға шақыратындығын айтты. Форумдар, кездесулер және басқа да шаралар ұйымдастырылып өткізілетін болады. Өйткені жастардың көбісі облыстарда, ол жақта негізгі жұмыстар атқарылып жатыр. Аймақ көшбасшылары өзара байланысқа түсіп, бір-бірімен танысып, идеяларымен бөліскені абзал.
Сонымен қатар жастар қозғалысының төрағасы «Жаңғыру жолының» жұмысы кезеңінде іске асырылған маңызды жобалар туралы айтты. Соның бірі Астана мен Алматы қаласында өткен «Жастар синергиясы — бірлік энергиясы» форумы деп аталады. Оның жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Исламбек Сәлжанов, ҚХА мүшелері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшелері, қолданбалы қолөнер шеберлері, стартап-жобалардың авторлары, ауыл жастары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ҮЕҰ, БАҚ қатысты.
«Бағыттардың бірі ІТ, яғни, сандық жүйе болды. Ассамблея мен жастар қозғалысы үшін этномәдени компоненттерді қолдау ғана маңызды емес, біздің жастар бүгінде жалпы мемлекеттің күн тәртібінде тұрған мәселелерді жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Соның ішінде ҚР Президентінің «Сандық Қазақстан» бағдарламасы», — деді Максим Споткай.
Ол тағы да форумды өткізу барысында «Жаңғыру жолының» жеткен жетістігі — кей жобалар бизнесмендер тарапынан қолдау тапқан алаң ұйымдастырғанын ашып айтты.
«Осындай жобаларды біз жалғастыруымыз керек. Екпін қойып, барлық спектрді қамтып, бүгінде жастарды толғандырып отырған проблемалардың шешу жолын іздеуіміз керек», — деп қорытты спикер.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 31.08.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады