
24 Шілде, 2019
3471
ҚХА жастары «Зерен» жазғы лагерінде көшбасшылық және азаматтық белсенділіктерін жетілдірмек
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері «Зерен» жазғы лагеріне оқуға жіберілді.
Қатысушылар республикалық жастардың жазғы лагерінің бағдарламасында көшбасшылық және азаматтық белсенділік, әлеуметтік және креативті кәсіпкерлік, жасыл экономика, цифрлық технологиялар және мәдени код бағыттары бойынша білім алатын болады.
Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар және отбасы істері» комитеті ұйымдастырып отыр.
Жалпы бағдарлама Жастар жылында талантты жастардың ісіне қолдау көрсету мақсатында 18-26 жас аралығында тоғыз мың жастың ішінен тоғыз жүз перспективалық әлеуеті бар жасты таңдап алу үшін әзірленген.
Бағдарламаның ерекшелігі – еліміздің аймақтарындағы, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі талантты жастарды анықтап, оларға заманауи трендтерді дарыту. Сонымен қатар нақты жобалардан нәтиже шығару.
«Зерен» лагеріне «Жарасым» РЖҰ-нан Алматы облысының «Жаңғыру жолы» аймақтық штаб төрағасының орынбасары Мәдина Төребекова, Қарағанды облысының аймақтық штабының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Исса Умалатов, Ақтөбе облысының аймақтық штаб мүшесі Мерей Көпжанов, Павлодар облысының аймақтық штаб және кәріс этномәдени орталығының мүшесі Салтанат Мұқанова, Нұр-Сұлтан қаласының «Ақбозат» башқұрт этномәдени орталығының мүшесі Закир Бикмухаметов, Батыс Қазақстан облысының ҚХА жастар қанатының мүшесі Павел Ефремов, Қостанай аймақтық штабының белсендісі, украина қауымдастығы жастар қанатының жетекшісі Милина Третьяк, Солтүстік Қазақстан облысының «Қоғамдық келісім» КММ маманы Динара Елеуова қатысуда.
Олар тоғыз күн бойы еліміздің жетекші саясаткерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, сарапшылармен, сонымен қатар бизнес-жаттықтырушыларымен кездесіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс алатын болады. Қатысушылардың оқу мерзімі аяқталған соң тамыз айынан бастап келесі жылдың мамыр айына дейін әзірлеген жобалары монитроингтен өтіп, сүйемелденіп отырады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, жаңа азаматтық бастамалардың пайда болуы ауыл және қала жастарының дамуына серпін береді. Әрі жастардың креативті ойлау қабілеті артып, көшбасшылықтың жаңа құндылықтары мен дағдыларын өзектендіру арқылы жастардың мінез-құлқын өзгерту, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, өзгерістерге ашық болу дағдылары қалыптастырылады. Ең бастысы – бизнес-жобаларды тиімді жүзеге асыру әлеуеттері артады.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді