
16 Наурыз, 2017
1497
ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
2017 жылғы 16 наурызда Алматы қаласы Достық үйінің дөңгелек залында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформаларды қолдау бойынша ҚХА Журналитер клубының көшпелі отырысы өтті.
Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н., ҚХА мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің активі, ғылым және өнер зиялылары, жастар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері, этностық баспалардың бас редакторлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Питаленко Леонид Николаевич өз сөзін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішіндегі жетістіктер, сыртқы және ішкі саясатындағы табыстар жайлы бастады. «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің ерте кезеңдерінде мемлекеттік басқарудың қуатты президенттік биліктің тиімді жүйесін құра алды. Ең маңызды заңдарды сәтті қабылдаудың арқасында 25 жыл ішінде біз мемлекеттің экономикалық негізді қалыптастыруға, бизнестің, азаматтық бастамалар мен мемлекеттік емес ұйымдардың дамуының ең тиімді жағдайларын жасауға қол жеткіздік. Ассамблея әрқашан Тәуелсіз Қазақстан дамуының, уақыт мәжбүрлейтін өзекті мәселелерді шешудің алдында болды», - деді ол.
Дөңгелек үстелдің модераторы корей тілінде шығатын республикалық «Коре Ильбо» газетінің бас редакторы Ким Константин Станиславович бүгінгі кездесудің өзектілігін және дер кезінде өтіп жатқанын айтты. «Жемісті жұмыс жасап, мәселелерді талқылайық, тиісті шешімдерді қабылдайық. Қазір мемлекеттің барлығы, соның ішінде журналисттер де, қабылданған конституциялық реформаны талқылап жатыр. Біздің этностық БАҚ республиканың барлық медиакеңістігінің толық құқылы мүшесі болып табылады. Біздің міндетіміз отандастарымызға, Мемлекет басшысы бастаған реформалар барлық азаматтарға қатысты, ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін көтеруге және саяси жүйенің көп жылға арналған тұрақтылық қорын жасауға бағытталғанын жеткізу болып табылады. Реформа нәтижесінде қуатты мемлекеттік билік сақталып, парламент пен үкіметтің беделі мен жауапкершілік деңгейі елеулі түрде өседі. Конституциялық өзгерістер Қазақстан халқы Ассамблеясына да, оның рөлін көтеріп, Ассамблея шешетін мәселелер тобын кеңейтіп, әсерін тигізеді. ҚХА жұмыстың инновациялық әдістерін игеруді жалғастырады» - деді ол.
Модератор келесі сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Қымбат Досжанға берді. Ол Президент Жолдауын және Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды талқылауға елдің барлығы қатысқанын тілге тиек етті. «Конституциялық өзгерістерді қабылдау үшін оларды жалпыхалықтық талқылау керек еді және сол үшін жеткілікті уақыт берілді. Құрметті әріптестер, сіздердің барлықтарыңыз сондай талқылауларды өткізудің куәгерлері, ұйымдастырушылары болып табыласыздар. ҚХА баспасөз қызметі Президент Жолдауын және конституциялық реформаларды талқылау бойынша өткізілген барлық іс-шаралардың ортасында болды», - деп сөзін жалғастырды.
Келесі сөз кезегін республикалық «Достық-Дружба» журналының бас редакторы Сейсенова Зейнегүл Қатшыбекқызы, республикалық неміс «Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің техникалық редакторы Лихобабина Вероника, Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті Мирзоев Князь Ибрагимович, республикалық «Хабар» агенттігінің Алматыдағы тілшілер торабының шеф-редакторы Хангелдина Қымбат және басқа да келген қонақтар өз ойларын айтты.
Соңында Ким К.С. отырысты қорытындылай келе, «Бүгінгі талқылауды қорытындылай отырып, ҚХА Журналистер клубы мемлекет пен әлеуметті демократизациялауға, елдің гүлденуіне бағытталған түзетулерді толығымен қолдайды деген қорытынды жасауға болады» деген түйінді сөзін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы