
21 Маусым, 2017
1110
ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
Астанада 2017 жылғы 20 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» тақырыбында кеңейтілген отырыс болып өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік БАҚ-тың басшылары, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, этностық БАҚ-тың бас редакторлары, этносаралық қатынас саласындағы сарапшылар, ғылым және шығармашылық салаларының зиялылары, блогерлер, т.б. қатысты.
Кеңейтілген отырыстың алдында Журналистер клубының ішкі мәселелеріне арналған жұмыс отырысы болып, онда ұйымдастыру мәселесі қаралды. Журналистер клубы мүшелерінің ұсынуымен белгілі журналист Кенжеболат Жолдыбай Клуб төрағасы болып сайланды.
Жалпы отырыста ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мәнмәтінінде этножурналистер алдында тұрған мәселелер бойынша сөз сөйледі.
«Этножурналистика маңызды жалпыұлттық тақырыптар бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыратын тиімді арналардың бірі болуы керек, - деді Д.Мыңбай. - Этно масс-медиа журналистері өз басылымдары мен аудиторияларының шеңберінде қалмауы тиіс. Олар орталық БАҚ-тардың беттері мен эфирлерінде ұдайы көрініп тұрулары керек».
Жаңартылған Клубқа арнаған сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары Клубтың елдің ақпараттық кеңістігінде танымал брендке айналуы, кәсібилік пен құзыреттіліктің эталоны болуы керектігін атап айтты.
Отырыс барысында журналистер қауымының алдында тұрған рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды ақпараттық сүйемелдеу мәнмәтініндегі журналистер қауымының алдында тұрған жаңа міндеттер талқыланды.
Іс-шараның жаңалығы оның TEDх конференциясы форматында өтуі болды. Журналистиканың әр саласында еңбек етіп, жетістікке жеткен шеберлер мен жас журналистердің кезектесе сөз сөйлеп, өз мектептері туралы айтуы, өңірлік ассамблеялардың баспасөз хатшыларына арналып «Баспасөз хатшысы – ұйым имиджін қалыптастырушы тұлға» атты семинар өткізілуі – отырыс мазмұнын байыта түсті.
Отырыс шеңберінде ұйымдастырылған «Журналистер - жаңғыру жаршылары» фотокөрмесі де өзгешелігімен есте қалды.
БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілген жиында бірқатар Клуб мүшелері, республикалық және өңірлік БАҚ журналистері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы