26 Желтоқсан, 2014
909
ҚХА жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
2014 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың төрағалағымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Мемлекеттік комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары И.Рогов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Е.Бабақұмаров баяндама жасады.
Отырыс барысында 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дайындық барысы туралы мәселелер қаралды.
Мемлекеттік комиссияның мүшелері ұйымдастырушылық-әдістемелік бірізділікті қамтамасыз етуге және барлық іс-шараларды үйлестіруге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу тұжырымдамасын бекітті.
Мемлекеттік комиссия Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының эмблемасының (логотип) және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль эскиздерінің үлгілерін бекітті.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын қоса алғанда, 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шаралардың жоспарларын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты