Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2016

860

ҚХА жылының туын түсіруге арналған іс-шара

Қаңтардың 28-ші жұлдызында Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын түсіру салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қызметкерлері, облыстық ҚХА жастар қанаттарының белсенділері, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, шығармашыл жастар мен қала қонақтары қатысты.

 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, сол сияқты, тарихи маңызы зор Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атаулы даталары тарихтың жазуымен қаз-қатар тізіліп келді.     

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін дүниежүзіне паш еткен жыл болды. Бұл жылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі 400-ден астам іс-шара мен акциялардың өтуіне мұрындық болды. Аталған іс-шараларға облысымыздың 200 мыңнан астам халқы қатысты. Өз сөзінде хатшылық меңгерушысі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев ауқымды іс-шаралардың кейбіреуіне тоқталды.

– 2016 жылы 6-шы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылып, ҚХА жалауы еліміздің барлық қалаларында биікке көтерілді. Дәл осы күні «ҚХА – 20 игі іс»

ҚХА жылына орайластырылған ауқымды іс-шаралардың бірегейі еліміздің астанасынан бастау алған «Менің Қазақстаным» поезы». 30 күн ішінде поезд Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерін аралады.

Қазақстанның жаңа тарихында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау ұлттың тұғыры мен рухын асқақтатқан елеулі оқиғалардың біріне айналды. 11-ші қыркүйек күні, еліміздің төрт қаласында, оның ішінде Павлодарда, түрлі бағыттар бойынша «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы өз бастауын алды. Қазақ хандығының тарихын ғылыми зерттеуде Кереку-Ертіс өңірі маңызы зор ірі объект болып табылатынын ерекше айтуға болады.

Өткен жылғы атаулы даталарға арнап ұйымдастырылған тағы да бір іс-шара «Павлодар-Омбы – бейбітшілік пен  достық марафоны». 27-ші қыркүйекте Серікбаевтар және Абдрашевтар отбасылары марафонды бастап, Павлодар – Ақтоғай – Ертіс – Русская поляна – Павлоградка елді мекендері арқылы жүгіріп, барлығы 550 шақырым қашықтықты артта қалдырып Омбы қаласына жетті.       

Облыста өткен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасына қаламыздың 58 балабақша мен 35 мектептің ұлты қазақ емес 1000-нан астам оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық біртектілікті дамыту, қазақ халқының тарихын, салты мен дәстүрін мемлекеттік тіліді білу арқылы кең насихаттау болып табылады, - деді С. Жетпісбаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын түсіру салтанатты іс-шарасына облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурашид Мумади және «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кузина Татьяна Ивановна қатысты. ҚХА жылының жалауының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауы биікке көтерілді. Жалауды көтеру миссиясы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич пен Қазақстан мұсылман әйелдері лигасының облыстық филиалының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызына бұйырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының жалауы достық, бейбітшілік пен бірліктің символы ретінде салтанатты түрде Павлодар облыстық Г.Н.Потатин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына табысталды.

      

    

   

 

Айтпаев Мақсат

Кейін қарай