
21 Қазан, 2024
251
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан офицерлер одағы» және ҚР Орталық мемлекеттік музейімен бірлесіп Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «ЕРЛІГІН ЕЛ ҰМЫТПАЙДЫ» атты салтанатты іс-шара өткізді.
Алматы қаласының Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының оркестрі ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындағаннан кейін, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевты, Ұлы Отан соғысының батырлары мен қатысушыларын және тыл еңбеккерлерін еске алуға арналған бір минут үнсіздік орын алды.
Конференцияға Қазақстанның «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының төрағасы, «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, генерал-майор - М.У. Телегусов, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының директоры - Р.Е.Харипова, әскери ғылымдар докторы, профессор, Әскери ғылымдар академиясының нақты мүшесі, отставкадағы полковник- Д.К.Әбдірайымов, қазақстандық дипломаттар бірлестігі басшысының орынбасары, ҚР дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген қызметкер - М.Ә.Нұрмағамбетов, ІІМ құрметті ардагері, «Қазақстан ұйғырларының республикалық бірлестігі» басқармасының және құқықтық көмек көрсету комитетінің мүшесі, жауынгер-интернационалист, отставкадағы полиция полковнигі - Р.Х. Ниязовтар қатысты.
Батырдың қызы Әлия Қошқарбаева әкесінің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болатынын айта отырып, іс-шараға қатысушылардың барлығын, соның ішінде жас офицерлерді, студенттерді, мектеп оқушыларын өз Отанының патриоты болуға, адал өмір сүруге және елді қорғауға әрқашан дайын болуға шақырды.
Қазақстанның «Офицерлер одағы» Төралқасының төрағасы, генерал-майор М.У. Телегусов Ә.Қошқарбаеваға қоғамдық бірлестіктің Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық медалін табыс етті.
Қазақстанның «Офицерлер одағы» Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Ө.Смағұлов Батырдың қызы мен музей директоры Р.Хариповаа Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан Ұлттық банкінің мерейтойлық монеталарын сыйлады.
Орталық Мемлекеттік музей Рахымжан Қошқарбаевқа арналған «Ерлігін ел ұмытпайды» атты тарихи-деректі көрме дайындап, конференцияға қатысушылар үшін экскурсия өткізді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары қазақтың біртуар копозиторлары Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбанов, Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармаларын орындап, дәулескер күйшілер Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін күмбірлетті.
Салтанатты шараға Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Рахымжанқызы, Қазақстан офицерлер одағының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, ҚР дипломатиялық корпусының ардагерлері, ҚР десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, Алматы әскери-техникалық мектебінің курсанттары, Б. Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушілері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары, Алматы қаласының ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы