Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Мамыр, 2016

881

Халыққа деген махаббаттан артық сезім жоқ бұл өмірде...

Ғабдулла Тоқайдың аты тек Татарстанда ғана емес, сондай-ақ  оның шегінен тысқары жерлерге мәлім. Ол жайында өнерді бағалайтын, поэззияны жанындай сүйетін адамдар біледі. Тоқайдың шығармашылығы баға жетпес және сан қырлы: ол ақын және публицист, әдебиет сыншысы және қоғам қайраткері.  Тоқайдың татарлар үшін, бүкіл  түрік әлемі мен Шығысқа қосқан мол үлесін білдіру үшін сөз табу қиын-ақ.

23 сәуірде Достық үйінде татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Әртістердің әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарамастан кеш жылы да жайдарлы өтті. Ұлы ақынның өлеңдері айтылды, татар-башқұрт орталығының музыкалық ұжымдары тамаша әндер және татар ақынының кітаптары тізілген көрме дайындады.  Іс-шараға балалардың белсенді қатысуы қуаныш сыйлады. Олар шын беріле және қуана-қуана аға тәлімгерлерге көмектесуге барынша тырысып бақты. Әр концерттік нөмірді көрермендер ду қол шапалақпен қарсы алды. Зал өз халқына деген мақтаныш, қуаныш сезіміне толы болды.

Оның поэзиясында халық жаны сезіледі, ал жан болса мәңгі және оның өлшемі жоқ екені сөзсіз. Демек, Ғабдолла Тоқайдың ұлттық мәдениеттің өткенімен, осы күнімен және болашағымен мәңгі-бақи байланысты шығармашылығы да мәңгі және өлшеусіз. Ақынның туындылары әлем халықтарының көп тілдеріне аударылды, ал Тоқайдың ақындық жинақтары мен ол жайында жазылған кітаптар жүздеп басылды. Нағыз поэзияның шегі жоқ екені  даусыз.Шыны керек, Ғабдолла Тоқай – татар поэзиясының бір рет атып, ешқашан батпайтын күні сияқты. 

   

 

 

«Қоғамдық келісім»  КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай