Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Ақпан, 2017

886

Халық қалаулылары Сыр елінде

Бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында ҚР  Парламентінің депутаттары облыс тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалының белсенділері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов болды.

Жиын барысында  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов Елбасы жариялаған екі маңызды құжаттың құндылығына тоқталды. Елбасымыздың арқасында нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрғанымызды, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, жаңа Елордамызды салғанымызды атап өтті.

Сондай-ақ, конститутциялық реформаны ҚР Парламенті депутаттары Наталья Жұмаділдаева, Майра Айсина, Мансұрхан Махамбетов, Асылбек Смағұлов, Абзал Ералиев кең түрде талқыға салды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы  атынан сайланған халық қалаулысы Наталья Жұмаділдаева IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесіне тоқталды.

Сонымен қатар депутаттар Қызылорда Теміржол клубында теміржолшылармен кездесті. Көптеген мәселелер талқыға салынған кездесуде аймақ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты жауаптары берілді.

Депутаттар 2-10 ақпан аралығында қала, аудандарды аралап, тұрғындар және түрлі сала мамандарымен кездесулер өткізетін болады.

Кейін қарай