
20 Ақпан, 2017
1460
Халықаралық ана тілі күні қарсаңында
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім мекемесінде 2017 жылғы 19 ақпан күні халықаралық ана тіліі күніне арналған «Халықтың мәңгілігі оның тілінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қоғамдық келісім сарайының қонақжайлы шаңырағы астына «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқушылары, ата-аналары, оқытушылары, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, шақырылған қонақтар жиналды.
«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықовтың «Халықтың мәңгілігі – оның тілінде» тақырыбы бойынша оқыған баяндамасында мемлекеттік тілдің маңыздылығы, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруіне жәрдемдесу қажеттілігіне тоқталды.
Ал «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебіндегі қазақ тілі пәнінің оқытушысы Раушан Хасенова «Тіл тағдыры - ел тағдыры» тақырыбында ой қозғап, мемлекеттік тілдің рөлі туралы айтты. Сонымен қатар қазақ тілін оқытуда сыныпта қазақ балалары ғана емес, басқа ұлттағы жас көкшетаулықтардың білім алатыны туралы айтып өтті.
Көкшетау қ. Поляк білім беру орталығының волонтер-оқытушысы Рената Шенявска жоғарыда аталған орталықтың мысалында Польша мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы серіктестік туралы ақпаратпен бөлісті.
Алыс шетелде орналасқан Поляк тілін дамыту орталығының басшылығы Ренатаны Қазақстанға жіберген екен. «Ақмола облысының поляктар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий оның Көкшетау қаласына келуіне жәрдемдесіп, кәсіби педагогты Көкшетау қаласындағы Достық үйіне балалармен жұмыс істеу үшін арнайы шақырған екен. Бүгінде 70-тен астам оқушы жеті оқу тобына бөлініп, поляк тілін қызыға үйренуде.
Көкшетау қаласының №21 орта мектебінің оқушысы, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпазы Елизавета Вибрих Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, жиналған қауымды қуантты.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің басшысы Татьяна Пяткова өз сөзінде Қазақстанның барлық аймақтарында халықаралық ана тілі күнін тойлау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының тілдерді оқыту бойынша «Мың бала» республикалық жобасы 21 ақпан күні бастау алатынын хабарлады. Татьяна Викторовна Қазақстан халқы Ассамблеясының аталмыш жобасы мектепке дейінгі жастағы балалар мен оқушыларға, түрлі этностық топтағы жастарға ұлттық рухани құндылықтар (мәдениет, дәстүрлер, салттар, рәсімдер) арқылы мемлекеттік тілді үйретеді, азаматтық қағидаларға негізделе қазақстандық бірлік пен бірегейлікті нығайту мен дамытуға үлес қосатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады