
24 Ақпан, 2017
1021
Халықаралық ана тілі күнін мерекелеу
«Тіл - халықтың тарихы. Тіл - бұл өркениетке бастайтын жол» - Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық хатшылығының белсенді қатысуымен ұйымдастырылған Халықаралық ана тілі күніне арналған мереке осындай жалынды ұранмен бастады. Осы жылдың 18-21 ақпан аралығында дөңгелек үстелдер, концерттер, ашық сабақтар мен танымдық лекциялар өткізілді. Аталған іс-шаралар барысында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бастау алды.
18 ақпанда салтанатты іс-шараның ашылуы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен елордамыздағы № 36 орта мектепте өткізілді. Бұл іс-шараның бірегей көркем мәдениет пен салт-дәстүрді танытатын жоғары деңгейде өткізілгенін атап өту керек. Сондай-ақ келген қонақтар украиндардың бай тіліне тәнті болып, жоғары бағасын берді.
Осы күні «Оберег» этномәдени орталығының белсенділері іс-шара қатысушыларын өздерінің ежелден келе жатқан құнды әдет-ғұрыптарымен, осы халықтың өзіндік ерекшелігін білдіретін вокалды және хореографиялық шеберлігімен тамсандырды. Мұнан өзге, қатысушылар мен қонақтарды айтулы мерекемен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндар радасы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігінің төрағасы Юрий Тимощенко салтанатты түрде құттықтады. Юрий Евгеньевич құттықтау сөзінде ана тілдің маңызды рөлін атап өтті. «Әлемдегі ең үздік дипломат - тіл мен мәдениет. Егер, біз өзге халықтың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін, жалпы олардың тұрмысын білетін болсақ, онда біз толеранттылығымызды дәлелдей аламыз»,-деді ол.
Дәл осы уақытта халықаралық ана тілі мерекесі шеңберінде елордалық «Қырғызстан-Астана» қырғыз этномәдени бірлестігі өздерінің туған тілі туралы өскелең ұрпаққа нұсқаулық дәріс өткізіп, онда қырғыз тілінің мұғалімі Дүйшенбек Шаршенов пен манасшы Тойгон Зайдинов әрбір адамның өмірінде басты орын алатын ана тілінің маңызын айтып берді.
Ана тілді мерекелеу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де жалғасын тапты. Бұл танымдық кездесудің бастамашысы - «Радима» белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Осы күні бұл жерде емін-еркін жаймашуақ жағдайда, «дөңгелек үстел» басында Астана қаласындағы еврей, армян, татар, шешен, неміс және күрд этномәдени орталықтарының өкілдері бас қосып, өздерінің ана тілдерінің ерекшелігі мен елдерінің құрылу тарихы туралы пікір алмасты. Осындай маңызды басқосуда бірақтар этномәдени отралықтардың белсенділері шығармашылық өнерімен жұртшылықты тәнті етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты