Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2017

1376

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

21 ақпанда Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Халықаралық ана тілі күніне орай «Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Мақсаты – мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезіну, басқа тілді құрметтей білуге шақыру. Тілдік, мәдени әртүрлілікті, тілдік ерекшелікті сақтау.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаты, Forte Bank аға банкир-директоры Өрісбаев Абат Жәңгірханұлы, этномәдени бірлестіктер өкілдері, блогерлер, Маңғыстау облысының жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қатысушылары мен жеңімпаздары, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Концертте жас өнерпаздар қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Патриоттық әндер орындап, ұлттық билер биледі.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Джайылханова сөз сөйледі. Ол 2016 жылғы республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының іске асу барысымен таныстыра отырып, 2017 жылғы республикалық «Мың бала» жобасының басталғанын хабарлады. Қатысушыларға республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту екенін айта келе, оның мақсаты мен маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, халықаралық ана тілі күнімен құттықтап, «Мың бала» жобасы арқылы қазақ тілін үйренуге шақырды.

Кейін қарай