Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2017

1766

Халықаралық ана тілі күніне орай

2017 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне байланысты «Тіл бірлігі» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстандағы этнос өкілдерінің көп тілділігі мен мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен лингвистикалық алуан түрлілігіне қолдау көрсету.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қалалық мәслихат депутаттары, жексенбілік сыныптардың оқытушылары мен оқушылары, Алматы қаласының ЖОО студенттері, Алматы қаласы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының жеңімпаздары, этномәдени бірлестіктер жастары, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚХА төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н., Әдебиет және өнер институтының директоры Қалижанов У.Қ., Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ө. Айтбаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы мұражайдың директоры Қайырбеков Ә., қоғам қайреткері Осман А.Ә., Алматы қаласының ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ниязова Н.И., Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қалымбет Б.Ә., «Возрождение» Қазақстан немістері қауымдастығының жастар мәселелері жөніндегі сарапшысы Артур Бартель іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Жақиянов Т.Ж. «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының 2016 жылғы іске асырылуымен таныстырып, 2017 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарын жариялады.

Іс-шара барысында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының Алматы қаласы бойынша 2016 жылғы жеңімаздары, сонымен қатар оларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мұғалімдері алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (ҚАЗТЕСТ) қазақ тілі оқытушыларына сабақ үйретуге арналған оқулықтарды сыйға тартты.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының Алматы қаласындағы 2016 жылғы жеңімпазы Мамедов Туралы сөз сөйлеу барысында өсіп келе жатқан ұрпақты мемлекеттік тілді игеруге шақырып, 2017 жылы Алматы қаласында өтетін «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасына бастама берді.

Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің жастары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ана тілінде жазылған авторлық өлеңдерін оқыды.

Осы күні Достық үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдени қайраткері, танымал жазушы, кинодраматург, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Смағұл Абатұлы Елубай

этномәдени бірлестіктердің жастарымен кездесті. Кездесу барысында танымал жазушы жас ұрпаққа өзінің шығармашылығы туралы баяндап, халықтың материалдық және рухани мұрасын сақтап, дамытудың бірден бір жолы тіл екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, сол күні этномәдени бірлестіктер өкілдері қазақ тілін игеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтихан тапсырды.

Кейін қарай