22 Шілде, 2019
4437
Халықаралық автошеруге қатысушылар Қызылордадағы Достық үйінде қонақта болды
Қызылорда қаласындағы Достық үйіне демалыс күндері Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласының Қызыл алаңынан бастау алған «Зов предков» халықаралық автошеруі келіп жетті.
Автошеру қатысушылары Достық үйінің қызметімен және мұражайымен танысып, олардың қатысуымен «Бірінші наурыз қозғалысының 100 жылдығы» тақырыбында бұқаралық ақпарат өкілдері үшін арнайы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Одан кейін автошеруге қатысушылар Корей халқының батыры, жапонға қарсы халық жасағы - Әділдік армиясының танымал басшысы Хон Бом Донның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, автошерудің негізгі мақсаты – Ресей Федерациясындағы көпэтносты халықтың азаматтық бірлігін нығайту және Ресейдің Өзбекстанмен, Қазақстанмен, Моңғолиямен, Қытаймен, Корей Республикасымен халықаралық байланысын одан әрі дамыту.
Халықаралық автошеру өткізу Еуразия кеңістігінің мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасын орнату үшін, экономикалық, мәдени және гуманитарлық серіктестікті кеңейту үшін өте маңызды.
Экспедицияға қатысушылардың арасында Ресей және Корей қоғамдық мекемелерінің басшылары, саяхатшылар, блогерлер, тілшілер және фотографтар, жүріп өтетін бағыттағы барлық мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының өкілдері бар.
Негізгі ұйымдастырушылар: Мәскеу қаласы Үкіметінің қолдауы мен «Ассамблея народов России» жалпыресейлік қоғамдық мекемесі, «Ассамблея народов Евразии» үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық одағы.
Арнайы жабдықталған 10 көлік жеті мемлекет аумағын, соның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяны басып өтеді. Барлығы 30 мың километр жерді жүріп өтеді (Мәскеу – Ташкент – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр – Пхеньян – Пекин –Сеул–Мәскеу бағыттары бойынша).
Әсем Жұмабекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51