Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2015

962

Халықаралық «Қазақстан және Ресей: достықтың екі қанаты» ғылыми-практикалық конференция

3 қарашада 2015 жылғы Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстан және Ресей: достықтың екі қанаты» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

3 қарашада 2015 жылғы Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстан және Ресей: достықтың екі қанаты» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚХА мүшелері, «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» басшысы Ш.Т. Kaриновa; Ресей Федерациясының Түмен қ. Түмен мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Н.Б. Хакимова; Көкшетау қаласы археология және шығу мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының басшысы, профессор, тарих ғылымдарының докторы, В.Ф Зайберт; Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Н.К. Салимов; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.И. Ибраев, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

  

Конференция жұмысы келесі бағытта ұйымдастырылған:

1. «Қазақстан мен Ресей: Достықтың тарихи тамыры».

2. «Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен маңыздылығын».

3. «Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен бейбітшілікті ұлттық идеологияны қалыптастыруға археологияның әсері».

4. «Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы, елдердің одан әрі дамуы мен гүлдену жағдайы ретінде».

5. «Түмен мемлекеттік университетінің өкілдігі Петропавл қаласында: ынтымақтастықтың болашағы»

6. «Болашаққа қараймыз: Гуманитарлық техникалық колледж - Түмен мемлекеттік университетінің ынтымақтастық мысалы ретінде кәсіптік білім беру сапасын арттыру жолы.

7. «Уақыттан достық күшті: Гуманитарлық техникалық колледждің басты корпусына 100 жыл».

8. «М.Жұмабаев, қазақ және орыс халықтарының рухани байланыстыратын нышан ретінде».

  

Бүгінгі күні Гуманитарлық техникалық колледжінде 17 түрлі ұлттардан, 1400 студент оқиды, 84 оқытушы - 8 түрлі ұлт өкілдерінен болып табылады. Бұл жыл оқу орнына мерейлі жыл болды, колледжге 85 жыл толды.

Колледж көп жылдан бері Ресей Федерациясының көршілес Омбы, Түмен және Қорған қалаларының ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Қазақстандағы Гуманитарлық техникалық колледжіндеріндегі Түмен мемлекеттік университетінің өкілдігі тек Петропавл қаласында ғана, оған биыл 15 жыл.

Мыңдаған қазақстандықтар, Петропавл тұрғындары өзара ынтымақтастық арқылы жоғары білім алуда. Бұл Түмен мемлекеттік университетінің құрметті докторы, профессоры, Гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Александр Андреевич Мерктің үлкен жетістігі.

Қазіргі заманғы қиын өмір шындығында, уақыт шақыруындағы қазіргі заман өркениетіне қауіп болып табылатын радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық нысандары мен көріністеріне қарсы бір майданда күресуіміз қажет.

Ал бұл үшін біз студенттер рухында қазақстандық патриотизм, өзара түсіністік, ынтымақтастық пен әлемнің барлық халықтары мен мәдениеттерін құрметтеуге тәрбиелеу қажетпіз.

Кейін қарай