22 Қазан, 2019
1623
Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ассамблея кафедрасы ашылады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасиловпен кездесті.
Ширек ғасыр ішінде азаматтық қоғамның іргелі институтына айналған Ассамблея бүгінде ел дамуында басымдық берілген түрлі бағыттар бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Ұлт татулығы мен қоғам келісімін ел мүддесінің басты құндылығы еткен Ассамблея мұны жас өкілдің санасына жеткізіп, ұлттар достығының ұрпақ сабақтастығында сақталуы үшін ел аумағындағы жоғары оқу орындарында Ассамблея кафедраларын ашуды дәстүрлі үрдіске айналдырып келеді. Осы мәселенің маңыздылығына мән артқан Жансейіт Қансейітұлы Халықаралық қазақ-түрік университетінде осы мақсатта Ассамблея кафедрасын ашу туралы ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ, елдер татулығының, білім саласындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болған бұл халықаралық университет қабырғасында Аналар кеңесін, Қоғамдық келісім кеңесін құрудың мүмкіндіктері де талқыланды.
Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қ.А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықта бірлесіп жұмыс жүргізу жөніндегі келісімге келді. Университет ректоры Болатбек Абдрасилов Жансейіт Түймебаевтың ұсыныстарына қолдау білдіріп, елдің тұтастығы мен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуға әзір екендігін білдірді.
Айта кету керек, бұған дейін ел аумағындағы жоғары оқу орындарында Ассамблеяның қырыққа жуық кафедрасы ашылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедраларында студенттерге патриоттық тәрбие, толерантты мінез-құлық жөніндегі дәрістер оқылады және ұлттар татулығы арқылы ел тұрақтылығына жол ашқан Ассамблеяның қызметі насихатталады.
«Түркі дүниесінің ортақ білім шаңырағына» айналған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған болатын. Инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулердің көшбасшысына айналған университетте бүгінде әлемнің он төрт елі мен отыз үш қауымдастығынан 8500-ге жуық студенттер білім алуда.
Нұргүл Қалиева
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті