31 Мамыр, 2019
4216
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тоқымқағар» акциясы жол тартады
1 маусымда еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық және мерекелік іс-шаралары өтеді.
Іс-шаралар Ассамблеяның 2019 жылға арналған қайырымдылық жасау күнтізбесінің аясында ұйымдастырылады. Қайырымдылық жасау күнтізбесі қазақ жерінің кең пейілділік, қонақжайлылық және қайырымдылық дәстүрлерінен бастау алатын дәстүр сабақтастығы негізінде құрылған.
Жастарды, балаларды, студенттерді, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының түлектерін қолдауға және көмек көрсетуге бағытталған ҚХА-ның «Тоқымқағар» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы 1 маусымнан басталып, бір айға жалғасады.
Сағ.12.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғ., 24/9) балаларға арналған концерттік бағдарлама өтеді. Оның ішінде: асфальтқа сурет салу шеруі, қимыл-қозғалыс ойындары, шеберлік-сабақтар, музыкалық флеш-моб және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сағ. 14.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көш., 40) «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты танымдық-ойынсауықтық іс-шара өтеді. Мереке күнін атап өту барысында цирк әртістері өнер көрсетеді, байқаулар, шеберлік-сабақтар, әдеби ойындар болады, сондай-ақ, келгендер үшін дастархан жайылады.
Сонымен қатар өңірлерде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен көп балалы отбасылардан шыққан жасөспірімдерді қолдауға арналған қайырымдылық іс-шаралар мен акциялар циклін өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде: экскурсиялар, спорттық жарыстар, фестивальдар, концерттер мен театрландырылған қойылымдар, ойын бағдарламалары, байқаулар және тағы басқасы бар.
Елімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ҚХА-ның 180-ге жуық іс-шарасы өтеді. Оған 80-нен аса адам қатыспақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды