13 Мамыр, 2023
718
Халықаралық отбасы күніне орай облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2023 жылдың 12 мамырында Ақтөбе облысы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Н.Ы.Шанаидың қатысуымен Халықаралық отбасы күніне орай облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, мектептердегі әкелер, аналар клубтарының төрағалары, колледж, мектептер директорларының орынбасарлары, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Назипа Ыдырысқызы қоғамдағы бірлік, адамдар арасындағы сыйластық, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті үйлестіру, отбасындағы зорлық-зомбылықтың, мектептердегі әлімжеттіктің, есірткі қолданудың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша және сарбаздар арасында және жас отбасылармен, көп балалы аналармен ұдайы байланыста жұмыс жүргізу қажеттігі, ана мен баланы қорғау, отбасыларға қолдау көрсету, іске асыру жұмысына әртүрлі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды тарту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, отбасылық саясат қоғамның барлық саласын қамтитын өте өзекті мәселе екенін айқындады.
«Синтетикалық есірткінің тез таралуы бүкіл әлемнің ең үлкен қаупіне айналып отыр, себебі бұл есірткі түрінің еркін саудасы, жаңа түрлерінің тез пайда болуы, интернеттегі мәліметтердің ашық¬¬тығы алаңдатуда, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екені сөзсіз» – деді өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай.
Бүгінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, отбасын нығайту, рухани-адамгершілік дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды қалпына келтіру және сақтау, әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру бағытында облыстық білім басқармасы мен «Қазақстанның Әкелері» Республикалық әкелер қауымдастығы арасында өзара түсіністік пен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29