20 Тамыз, 2023
612
Халықаралық жастар күніне арналған Алматының ең танымал туристік бағыты Көк-Жайлауға арнайы шығу (треккинг) ұйымдастырылды
2023 жылдың 19 тамызында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» РҚБ-мен бірлесіп «Бірлік» спорт фестивалі аясында Халықаралық жастар күніне арналған Алматының ең танымал туристік бағыты Көк-Жайлауға арнайы шығу (треккинг) ұйымдастырылды.
Акцияға белсенді жастар қоғамдық ұйымдары қатысты, мәселен, «Ассамблея Жастары», «Жастар рухы», «Qamqor» қайырымдылық қоры, Еріктілер лигасы, Lider.kz волонтерлері, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері т.б. қатысты.
Іс-шараны «Ассамблея Жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев пен Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Нұрсұлтан Бекқайыров ашып берді. Олар өз алғы сөздерінде осындай іс-шаралардың жастар арасында туризмді дамытуға оң ықпалын тигізерін айта келе, салауатты өмір салтын, спортты және экологияны дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Саяхат барысында қатысушылар интерактивті аялдамалар өткізді. Оған Қазақстан Тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жастар саясатын қалыптастырып келе жатқан жас өрендердің үш ұрпағы шақырылған спикерлер қатысып өз әңгімелерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ осы жылдар аралығында Қазақстан жастарының дамуы қалай қалыптасқаны туралы ақпараттарымен алмасып, бұған дейін қандай іс-шаралар, бағдарламалар болғанын тілге тиек етті.
Баяндамашылар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Кайрыев, Алматы қаласы бойынша экология департаменті жанындағы Алматы қаласының экологиялық жастар бастамалары кеңесінің төрағасы Әділ Нұрпейісов, «Qamqor» қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева, «Жастар Рухы» ЖҚ Алматы қаласы филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қаласы бойынша Жастар саясаты басқармасы, Жастар Ресурстық орталығының жетекшісі Ырысбек Ахатай, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Омар Мохаммедсауар және т.б. болды.
Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Аманат» және «Республика» партияларының жастар өкілдері, волонтерлер, қоғам қайраткерлері, студенттер және белсенді жастар қатысты.
«Бірлік» спорттық фестивалінің өзі бірнеше ай бойы өтетін бірқатар спорттық және экологиялық шараларды біріктіреді. Аталған жоба бәсекелестік пен жүлделі орынға бақталасты көздемейді, керісінше алматылық жастарды біріктіруге, олардың бойына таза экологияны сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталып, қала жастарының бірлігі мен денсаулығына арналған спортқа бірлесіп қатысуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді