Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2016

853

Халық бірлігінің айқын айғағы...

Өткен жексенбі күні қаланың орталық саябағындағы «Бір шаңырақ астында» жазғы фестиваліне келген қонақтарды «Эльбрус» аймақтық қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық мәдени орталығы» қарсы алды. Ұйымдастырушылар іс-шараны Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арнады.

Бағдарлама жүргізушілері атап өткендей, біздің елімізде барлық адамдар үшін өмір сүруге, еңбек етуге, демалыс пен оқуға бірдей жағдайлар жасалған. Осының барлығы тек қана біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің арқасында мүмкін болды. Отанымыз Қазақстан – бұл көп ұлтты ел. Көпэтностық – біздің ортақ, ұлы құндылығымыз. Міне, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы осы құндылықтың басты қорғаушысының міндетін атқаруда. Қазір қонақжай шаңырақ аясында үлкен және тату отбасы өмір кешуде. Біздер бостандық қыраны самғаған, ашық, көгілдір аспан астында өмір сүрудеміз.

2015 жылы «Эльбрус» этномәдени бірлестігі өзінің 10 жылдығын атап өтті. Осы уақыт аралығында ұлттық-мәдени орталық өзінің дарынды жастарымен, дана ақсақалдарымен Қазақстан халқы Ассамблеясының толыққанды мүшесіне айналды. Қазақстан халқы мәдениеті мен өнері фестивальдерінің жеңімпаздары болған жастар ұжымдары құрылып, жұмыстарын атқаруда. 2015 жылғы қазан айында Кавказ халқының мәдениеті фестиваліне қатысу үшін Қостанай қаласына барған этномәдени бірлестіктің ұжымдары біздің облысымыздың атынан жоғары дәрежеде өнерлерін көрсете білді.

«Эльбрус» этномәдени бірлестігі өз этносының мәдениетін, тілін, салты мен дәстүрін жаңғырту және қазақ тілін меңгеру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Концерттік бағдарламада мемлекеттік тілде көптеген әндер орындалды, ал іс-шараның өзі «Къуанч» ансамблінің орындауында «Тек алға!» әнімен ашылды. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға «Домбай» вокалдық тобы, «Минги тау» хореографиялық ансамблі, «Теберда» және «Чипчик» вокалдық топтары белсене қатысты. Шығармашылық ұжымдардың әр нөмірі – бұл көркем, театрланған қойылым болды, ал аға буынның қуаныш жасы, қонақтар мен жастардың шапалақтары – бұл ұжымға деген ең жақсы марапаттары.

«Біздің жастарымыз қазақ тілін зор ынтасымен оқып үйренеді және мемлекеттік тілдегі әндерді орындайды», - деп айтып өтті «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова, - «Ұлы далада біздің көңілді әуендер орындалғанда, олар әрі қарай қазақ тілінде жалғасса – бұл халық бірлігінің айқын үлгісі» - деп тұжырымдады ол.

   

   

   

 

 

Айтпаев Мақсат

Кейін қарай