
28 Маусым, 2017
665
Халық ойындарының II фестивалі
27 маусымда елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елорда күні және «ЭСКПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне байланысты халық ойындарының II фестивалі болып өтті.
Аталған іс-шара мектеп жасындағы балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, спорт пен халық шығармашылығына баулу және өскелең ұрпақтардың сана-сезімін өрістетіп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатымен ұйымдастырылды.
7-14 жас аралығындағы жеткіншектер арасында болған байқау «Жас қанат» клубының ауласында өткізілді. Елордадағы мәдени-спорт орталығының тәрбиеленушілері спорттық-ойын-сауық іс-шарасына белсенді қатысты. Сонымен бірге, қалалық байқау бағдарламасында жалпы интерактивтік, ұлттық ойындар мен байқауға қатысты тартысты сайыстар болды.
Өзара бөлінген «Бәйтерек», «Алға», «Жұлдыздар айқасы» және «Жарқын жұлдыз» командалары «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Бәйге» мен «Көтермек» сайыстарынан күш сынасты.
Ежелден тамыры тереңге жайылған халық ойындары уақытша өзгерістерден өткенімен, оның қоғамдық маңызы аса ерекше. Ол әр уақытта өзінің тәрбиелік, спорттық, эстетикалық, коммуникативтік және басқа да қоғамдық маңызын жоғалтқан жоқ.
Іс-шара жүргізушілерінің мерекелік бағдарлама бойынша ұйымдастырған вокальды музыкалық шығармашылығына көрермендер ерекше ықыласпен қол соқты. Бұл ретте хореографиялық және акробатикалық нөмерлерді орындаған жас гимнастшылардың шеберлігіне жұртшылық тәнті болды.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.С. Әбілдинов команда капитандарын марапаттау барысында барлық жұртшылықты алдағы мерекемен құтттықтап, игі тілегін жеткізді: «Қалалық байқау өскелең ұрпақтарды ұлттық мәдениетке,саламатты өмір салтына белсенді түрде баулуға бағытталған»,-деді ол.
Дәстүрге айналған балалар мерекесі этностардың мәдениетіне қызығушылық тудырып, айналаны әсем күлкі мен жарқын үнге бөледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті