07 Мамыр, 2016
891
«Халықтарды біріктірген ел» фестивалі
Петропавл қаласында ҚР Ұлттық гвардиясының Әскери институты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтарды біріктірген ел» атты фестивалі өтті. Бұл Әскери институттың дәстүрге айналған іс-шарасы.
Фестивальді әскери оркестр және 3-курс курсанттары мен қалалық оқу орындарының студент қыздары бірлесе орындаған «Қара жорға» биімен ашты. «Қазылар алқасы және көрермендер назарына республикамыздың аумағында тұрып жатқан 9 түрлі ұлт ұсынылды: әзірбайжандар, армяндар, қырғыздар, монғолдар, орыстар, татарлар, тәжіктер, өзбектер, украиндар. Осы этностардың тілдерінде Отан туралы, ана туралы, махаббат туралы өлеңдер мен музыкалық туындылар орындалды», - деп айтып берді Әскери институттың баспасөз хатшысы Руслан Қайыркенов.
Курсант Рустам Дүйсеновтың сөзіне қарағанда әр оқу ротасы өз көріністеріне сонылық қоса білген. «Айта кетсем, «тәжік» ұлтын сомдаған 1-ротаның курсанттары тәжіктердің той биін сыйлады, 4-оқу ротасынан «өзбектер» өз өнерлерін көрсету барысында қазылар алқасы мүшелеріне және құрметті қонақтарға нағыз өзбек палауын тарту етті. Ал мен жеке орындаушы Лидия Хамрачевамен бірге ән шырқадым», - деді ол мақтанышпен.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті