30 Сәуір, 2024
292
ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ - БІЗДІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ ИГІЛІГІМІЗ
Бірлік күніне орай Қызылордада жаппай сенбілік өтті. Тұрғылықты мекеннің тазалығын сақтау шарасына түрлі ұжымдар мен этнос өкілдері де қатысты. “Тұңғыш президент” саябағына жиналған олар үйіңкі, терек, Сырталы, қарағаш көшеттерін отырғызып, ағаш түбін ақтады. Жаяу жүргінші жолын сыпырып, қоқыс жинады. “Қоғамдық келісім” мекемесі ұжымы мен этномәдени бірлестік өкілдері жүзге жуық ағаш отырғызды.
“Таза Қазақстан” акциясы басталғалы облыстық ассамблея өкілдері барлық көркейту-көгалдандыру шараларына бір үйдің баласындай, үздіксіз қатысып келеді.
“Бірлік бар жерде - береке бар. Қуаныш пен қиындықта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білетін халқымыздың ырысты ынтымағы мәңгі болсын! Бір жұдырық болып жұмыла білгеннің арқасында талай белесті ел болып еңсеріп келеміз. Бүгінгі тазалық шарасы барысында да бірліктің жарқын үлгісін көрдік”,-дейді “Ассамблея жастары” ұйымының өкілдері.
Саябақтар мен гүлзарлардың сәні мен әрін кіргізуге облыс орталығындағы барлық дерлік ұжым қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті